Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу


25 января 2021, 09:35 | 584 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан әскери полициясы бөлімдердің бірінде құқықбұзушылық пен әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеу және оның алдын алу бойынша әскери қызметшілермен сабақ өткізді.

Қазақстан Республикасы Қарлы Күштері Әскери полиция органдарының 2021 жылғы қаңтар айына бекітілген негізгі іс-шаралар жоспары сәйкес әскери полиция қызметкерлері әскери бөлімнің жеке құрамдарымен «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз алып жүргені, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін қылмыстық жауап беру» тақырыбында сабақ өткізді.

Дәріс барысында әскери қызметшілерге құқық бұзушылық саласындағы Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік кодексінің негізгі баптарын, сондай-ақ оның жауапкершіліктерін жан-жақты түсіндірді.

«Біздің басты мақсатымыз, әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың қылмыс жасауына жол бермеу, ескерту және алдын алу» - деді әскери полиция бөлімінің анықтаушысы әділет лейтенанты Аңсаған Жаналиев.

Қәзіргі уақытта әскери полиция жасағы гарнизондық деңгейдегі жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың ішінде дала жаттығулары өткізілетін аймақта коменданттық қызметті қамтамасыз ету, ұзақ жолға әскери техниканы жеткізуге көмектесу, қызмет орнын тастап кеткендерді іздеу, әскерилердің құқығы мен заңдылық мүддесін қорғау жұмыстарын белсене атқаруда.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор