Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сауда орындарында отқа абай болайық


25 января 2021, 08:39 | 143 просмотра



Экономиканың өркендеуі үшін жетекші тетіктердің бірі сауданың дамуы екендігі сөзсіз. Бірақ, заң талабына сай қоғам игілігіне пайда келтіретін әрекет, зиянсыз, ең бастысы адам өмірі, дүние-мүлкі үшін қауіпсіз болуға шарт.

Бірақ өртке келгенде, қазіргі көпшілік сауда үйлері қажет етілген талапқа сай болмай отыр. Ел бойынша базар, яки сауда үйлерінің, не болмаса дүкендердің жиі отқа оранатындығы жиі кездеседі. Барлық гәп оны пайдалану барысында өрт қауіпсіздік талаптарына қалыпты деңгейде мән бермеген сауда орны иесінің кемшілігінен болып отырғаны рас. Айтып айтпай не керек, сауда нысандарында өрт қауіпсіздік ережесі сақталынбаса, онда өрттен адамға да, ең аяғы мүліктік құндылықтарға төнетін қатерде орасан. Атап айтсақ, бір жағы дүкен, бір жағы қойма ретінде пайдаланылатын нысанның қойма тұсында қоқыс арналған жәшіктерге сауда нысанының қызметкерлері от қойып жүрсе керек. Өрт болған күні, желдің қатты тұрғандығына орай қоқыс жәшігіне қойылған от жанындағы қоймаға түседі. Нысанда өртті сөндіруге арналған өрт сөндіру гидрантының жоқтығы және қоймада тез жанғыш синтетикалық, плассмасалық заттар толтырылғандықтан ол сарбаздардың өртті жедел сөндіруге мүмкіншілік бермей, бірқатар кедергілерге әкеледі. Осы абайсыздықтың кесірі үлкен өртке айналады.

Құрметті ауданының сауда саласында еңбек етіп, ел экономикасының өркендеуіне септігін тигізіп жатқан, меншігінде сауда нысандары бар азаматтарға, өзіңізге тиесілі орында өртке аса сақтықпен қарап, өрттің алдын алудың барлық шараларын қарастыруларыңыздың аса қажеттігін атап өткіміз келеді.

Автор:
Елжас Қуанышұлы, Көксу ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты