Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында жол саласындағы мамандар тапшы


22 января 2021, 07:44 | 137 просмотров



Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жол мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылы «1000 мектеп» арнайы акциясы басталған болатын ,  деп хабарлайды Tinfo.kz.

Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары Айгерім Лекерқызы және Айнұр Пржекенова Zoom платформасы арқылы қаңтар айында  жас буынмен онлайн кездесу өткізді. Жолшы мамандығының қыр-сырымен бөлісті. Қашықтан өткізілген кездесуге облыстағы 20  мектептің оқушылары және  кәсіптік білім беретін 5 оқу орнының студенттері бірдей белсене қатысты. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

«Бүгінгі оқушы ертең жас түлек атанады. Өмірдегі маңызды қадамдарының бірі - мамандық таңдайды.  Әрине, мамандық таңдау кезінде әркім толқиды, ойы сан-саққа кетеді. Осындай кезде жеткіншектерге бағыт-бағдар беру аса маңызды шаруаның бірі. Әсіресе, бүгінгі таңда сұранысқа ие автомобиль жолдары саласына оқуға шақыру, жол саласының маңыздылығын түсіндіру өте қажет», - деп атап өтті мамандар.

Автор:
TINFO