Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЖЕЗӨКШЕ – РУХАНИ ӨЛЕКСЕ


19 ноября 2010, 13:48 | 3 439 просмотров


«Ауруын жасырған арам өледі» демей ме? Бұл мақалды қоғами дерт – жезөкшелікке де қатысты пайдалануға болады. Кез-келген ауру сияқты жезөкшелікпен де күресу үшін оның бар екенін мойындап, себеп-салдарын сараптап, астарына терең үңілу қажет.

Жеңіл жүрісті әйелдердің қоғамға қан-

дай ауру тарататыны көп айтылады. Бірақ мен бұл мақалада осы «кәсіптің» жезөкшенің өз саулығына әсері туралы айтқым келіп отыр. Иә, соз, мерез, биттеу сияқты бетін әрмен қылғыр бәлекеттер (СПИД өз алдына бөлек тақырып) – бүгінгі жезөкшенің «кәсіби» ауруы. Бірақ, ақиқатында бұл аурулармен ауырмайтын жезөкшелер де бар. Өйткені көк қағаз бен «көкелерінің» арқасында ол шіркіндер заманның бүкіл игілігіне, соның ішінде алдыңғы қатарлы медицинаға қол жеткізіп отыр.

Көшеге шығып, көңіл көтеруді ұсынатын «көбелектер» жыныс ауруларының толық кавалері болса болар, ал валютаға ғана бас изейтін тірі тауарлар «спирохетта» сияқтыларды кіргізбеуге, кіргенін ұзақ жүргізбеу-

ге кәдімгідей қауқарлы.Жаһандық саясат жезөкшелікті сүйкімді болмағанмен қалыпты құбылыс, көп кәсіптің бірі қылып көрсетуге тырысып жатыр. Бұл әрекет «жеміссіз» де емес. Ал жезөкшеліктің жаппай таралуына аз да болса тежеуіш фактор болып келе жатқан жұқтырып алу, «ұстап қалу» қаупі сейілетін болса, тән саудасы әрі табысты, әрі жеңіл, енді оның үстіне қауіпсіз бизнес болып жүрмесін деңіз. Алайда, медицина қанша жерден дамыса да жезөкшеліктен туындайтын проблемалар алдында дәрменсіз.Біріншіден, жезөкшенің сырты бүтін болғанымен, іші – түтін: құрбы-дос, ағайын сырт айналған, ата-ана қарғап, теріс батасын берген, қоғам да жек көреді. Жақсы көретін жанашыр ешкім жоқ. Клиенттерді санатқа қоспай-ақ қоялық, олар үшін жез-өкше – жас ет қана. Мысалы, біреулер шош-

қа етін жақсы көргенімен, шошқаның өзіне қызықпайды ғой. Ал «майдандас құрбылар» бар болғаны – бәсекелес-күндес.Екіншіден, оның клиенті де оңып тұрған жоқ.

Жезөкшеге қайбір дені дұрыс адам барады дейсіз?! Жас та көрікті жігіттер күн сайын күйеу ауыстыратын бейбақты ақшаға аймалап не қылсын?! Оларға онсыз да жетіп жатыр. Ал ауызынан арағы сасығандар, ата сақалы мен ауы қатар салбырағандар, сорақы фантазиясын жүзеге асыруға арена іздеген сасық текелер, басқа да қағылған-соғылған контингентпен төсектес болу із-түссіз кетпейді.Кез-келген тірі адамның бойында жамандыққа-ластыққа жаны қас рух деген асыл зат бар. Оны ар, ұят, ұждан деп те атайды. Пенденің амал-ниетіне байланысты рух шексіз өсуі, не жоққа жақынға дейін кемуі мүмкін. Бірақ көрге түскенге дейін мүлде жойылып кетпейді. Рухтың кішкентай жұғынының өзі титтей кінәратқа, мысалы түшкірігіңнің тамшысы біреуге тиіп кетсе де «ұят» деген бейнесінде наразылық білдіріп жатады. Ал азғындықтың шыңы – жезөкшелікке душар болғанда рух жан ұшырып, шыңғырады. Одан жезөкшеге келіп-кетер не бар, ол дауысты естіп жатқан да ешкім жоқ, – десеңіз қателесесіз. Бұл ең әуелі жоғары дәрежелі нәзік жүйкеге, мысалы орталық нерв жүйесіне әсер етеді.

Нәтижесінде торығу, алаң, сүлесоқтық,

өзін-өзі жек көру сияқты процесс жүреді. Бір сөзбен айтқанда, жан тыныштығынан айрылады. Рухтың тәннен безінуі сырт көзге ағзаның іріп-шіруі, аллергия, аутоиммундық ауру, гормондық, тағы да басқа түрлі ауытқу ретінде де байқалуы мүмкін. Бұған қоса аты жаман кәсіппен айналысатындарда қартаю процесі әдеттегіден тез жүреді. Жезөкшенің «сыртқы бүтіндігінің» өзі де уақытша ғана. Жанын жегідей жеген «ішкі түтін» тәнін де ыстап, терісін тоздырады. Олардың саудасы жүргендерінің де «еңбек өтілі» тым қысқа. Қанша күтінгенімен (дәрігер, косметика, жаттығулар, соңғы сән киімі, т.с.с) «тауарлық сәні» кете бастағасын келесі категория – сутенерлікке өтуге мәжбүр болады. Көптеген ғалымдар адамның жан дүниесіндегі ахуал, мысалы депрессия обырдың (рак) пайда болуына алғышарт жасайтынын жоққа шағармайды. Батыста жезөкшелік – қатты айыпталмайтын, қалыпты құбылыс. Тіпті олардың тірлігін заңдастырса, қоғамға пайдалы, қазынаға қомақты кіріс түсіреді деген пікір де бар. Осындай көзғарасты біздің елге экспорттау қазір табыс-

ты жүріп жатыр. Кино, көркем әдебиет, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары жезөкшені барынша жағымды етіп көрсету деген тапсырысты орындауда.

Үлкен мінбелерден де оқта-текте жезө

кшелікті заңдастыру туралы әңгіме айтылып қалады. Қазақ тіліндегі кейбір басылымдарға көз салсаң, оқуға түсе алмағасын үйіне ұялып қайтпаған, сөйтіп жүргенде біреу-

лерге алданып жүкті не қарыз болып басы мен баласын асырау үшін тәнін саудалаған хикаялар өріп жүр. Сонда оқуға түсе алмағанына қысылатын ұялшақ қыз қалай арын сатады?! Сірә, ондай қыздар қалаға жезөкшелікке жартылай дайын – «полуфабрикат» түрінде келсе керек! Ендеше бұл – ең әуелі кеміс тәрбиенің жемісі! Қазақи отбасы қыз тәрбесіне қатты қараған. Жезөкшелікті сүйкімді, жағымды, аянышты қылып көрсету – жезөкшеліктің өзінен асып түсетін аса ауыр қылмыс. Жалпы, жезөкшелік әйел затына ғана емес, еркекке де қатысты. Мен көктемегір «көгілдірді» де, кейбіреулердің ермегі – «жигалоны» да айтып отырғаным жоқ. Қарындасқа хайуан көзімен қарайтын кез-келген шалбар кигеннің ауылы жезөкшеліктен көп алыс емес.

Үмітті ақтамаған

ұлды қазекем «шіріген жұмыртқа» десе, жезөкше қызға (бұл жерде мен «қыз» деген қастерлі сөзді қинала-қинала қолданып тұрмын) «өлексе» деген үйлесетін сияқты. Өлексенің қайта тірілуі қалай қиын болса, жезөкшенің адам қалпына оралуы сондай қиын болар. Кезінде жезөкше, қазір адал жар, ардақты ана болып отырған адам туралы естігенім жоқ. Қазақ ертегілеріндегі мыстан кемпір, сірә, кезінде жезөкше (жезтырнақ) бол-

ған шығар деймін. Әйтпесе неге соқа басы сорайған немесе жарымес жалғыз балалы болып бейнеленеді?! Ең болмаса жалмауыз шалы болар еді ғой?! Жезөкшеліктен жиренейік, жиіркенейік.

Автор:
Нұрлан СӘДІР,дәрігер,Батыс Қазақстан облысы