Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзекте бөлімшелердің әдістемелік – нұсқамалық сабақтары өтті


19 января 2021, 07:20 | 725 просмотров



Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, оқу-жаттығу полигонында бөлімнің әскери қызметшілермен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқау беру сабақтары өткізілді.

Бөлімнің оқу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтарын өткізуге арналған оқу орындары ұйымдастырылып, әскери қызметшілермен дәрістер өтті.

Оқу орындарында жауынгерлік атыстар кезінде авиациялық соққысы, залалсыздырылмаған ауданмен жүріп өту, мина-жарылғыш қоршаудан өту тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді.  

Сабақ барысында әскери қызметшілерге «бөлімшенің жауынгерлік атыспен шабуылдауы», «көп қабатты ғимаратқа шабуыл жасау», «бөлімшенің жауынгерлік атыспен қорғаныс жасауы», «қарсыласқа шабуылдау және көзін жою» сияқты тақырыпта іс-қимылдары көрсетіліп кеңінен пысықталды.

Сонымен қатар әскери бөлімнің 1-ші шабуылдаушы батальоны жеке құрамдары бөлімшелердің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында, ғимарат ішінде заңсыз қаруланған қарсыластың тойтарыс беруін тоқтату, ғимаратқа шабуыл жасау, тактикалық кәсіби іс-қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, шеберліктерін паш етті.

Атыс барысында қарсыластың 100 метрдегі әуе кеңістігіндегі барлаушы шартты ұшқыссыз ұшу аппаратының көзін жойды.

 «Бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін арттыру мақсатында. Бөлімшелермен жауынгерлік атыс бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтарын өттіздік. Бөлімшелер қойылған барлық тапсырмаларды орындады», - деді взвод командирі аға лейтенант Дінислам Таймас.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор