Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Белсіздіктің кесірі бедеуліктен кем емес


19 ноября 2010, 13:48 | 2 559 просмотров



«Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» дейтін қазақ қоғамында отбасының балалы болып, баспанасының базарға толуында ең бірінші ана денсаулығы маңызды деп қарайтын түсінік қалыптасқан. Шаңыраққа шаттық сыйлар ұл-қыздың болмауын ең бірінші әйел адамның бедеулігінен көретіні де сондықтан.

Ал ер-азамат денсаулығының жағдайы

көбіне-көп ашық айтылмай, жабулы күйінде келеді. Ал маман-дәрігерлер болса, ұрпақты тоғыз ай көтеретін анамен қатар, әке денсаулығының маңызды екендігін айтады. Статистикаға жүгінсек, қазіргі кезде елдегі отбасылардың 16 пайызы бала сүю бақытынан айырылып отыр. Ал сол отбасылардың жартысына жуығы ер-азаматтардың белсіздігі кесірінен балалы бола алмайды екен. Осы мәселеге байланысты арнайы басқосу өткізген Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы директорының орынбасары Шолпан Қаржаубаева ер-азаматтардың денсаулығы салғырттықты көтермейтіндігін қадай айтты. - Жалпы ал-ғанда, дүние есігін ашатын қыздарға қарағанда, ұлдардың саны көп. Бірақ уақыт өте келе бұл арасалмақ өзгере береді. Жас келген сайын ер-азаматтардың қатары сирей береді. Өйткені еркектер әйелдерге қарағанда өмірмен ерте қоштасады. Орташа жас ұзақтығының да бар-жоғы 63 жасты құрауы - соның дәлелі. Ерлер әйелдерге қарағанда 10 жыл аз өмір сүреді. Бұл жағдай ерлердің арасындағы ауру-сырқау мен өлім-жітімнің көптігіне байланысты. Мәселен, психоактивті заттарды қолданатындардың 88 пайызы ерлер болса, араққа тәуелділердің де басым бөлігі - еркектер. Сонымен қатар жыныстық аурулар, құрт ауруы да ер-азаматтардың арасында кеңінен таралып барады. Мәселен, жыл сайын 152 мың жан бақилық болса, соның 60 пайызға жуығы - біздің отағаларымыз.

Олардың өліміне себеп - жүрек-қан та-

мыр аурулары мен түрлі жарақат-зақымдар. Әсіресе, еңбекке қабілетті жастағы ер-азаматтардың арасында жүрек ауруынан болатын өлім әйелдерге қарағанда 3,5 есе көп. Ұзақ уақыт бойы репродуктивті денсаулық бағытындағы бағдарламалардың басым бөлігі әйелдерге арналып келді. Дегенмен «ана-бала-әке» ұшбұрышында әке денсаулығына да үлкен мән берілуі керек, - деп пайымдайды Шолпан Қаржаубаева. Ерлердің репродуктивтік жағдайын шынайы бағалау үшін Урология ғылыми орталығы 24 мыңнан аса ер-азаматтарды тексеруден өткізіп, зерт-

теу жүргізіпті. Нәтижесінде, тексеруден өткен әрбір екінші жігіттің «жеке» өмірінде проблемалары бар, ал әрбір үшінші еркек бала ұрықтандыруға қабілетсіз, ал жартысына жуығының түрлі инфекцияларды жұқтыруының салдарынан осы проблемаларға кезігуі мүмкін екендігі анықталған. - Қазақстанның гендерлік теңдік стратегиясында ерлердің репродуктивті денсаулығына бағытталған жүйелі саясаттың жоқтығы айтылған. Денсаулық сақтау саласында ер-азаматтардың денсаулығына аз көңіл бөлінеді. Арнайы кабинеттер мен инфрақұрылым жоқ. Сонымен қатар отағасылардың өз денсаулығы жайлы уролог-мамандар-

ға келіп көрінуі де төмен деңгейде.

2007-2008 жылдары барлық облыстар бойынша 24 мың адамды тексеруден өткіздік. Оның нәтижесі өте нашар. Биыл төрт облыс-

қа шығып келдік. Кардиолог және эндокренологтармен бірге 1200-ден аса адамды тексеруден өткіздік. Бұнда да сандар көңіл көншітпейді. 2007 жылы институт арнайы «Ерлер және репродуктивті денсаулық» деген бағдарлама жасаған еді. Сонда арнайы кабинеттер желісін құру мәселесіне баса назар аударылған болатын. Сондай-ақ арнайы андрологиялық орталық құру туралы да бастама көтерілген. Әзірге біздің бөлім ғана белсенді жұмыс істеп жатыр. Егер бұрын елімізде тек әйелдер консультациялары қызмет көрсетсе, енді еркектерге де арналған кеңес беру кабинеттері ашылады.

Андрологиялық науқастарға медици-

налық-санитарлық алғашқы көмек аудандық, қалалық, облыстық ауруханалар базасында көрсетілетін болады, - дейді Урология ғылыми орталығының андрология бөлімінің меңгерушісі Темірлан Құсайынов. Дәрігер азаматтардың уақыт өткізіп барып, ауруы жанына батқан кезде ғана мамандар-

ға қаралатындығын айтады. Ол өзіне көмек бере алатын дәрігерді тапқанша да біраз уақыт сенделеді...

- Ер-азаматтардың белсіздік мәселесі шешуін табуы қажетті медициналық-әлеуметтік міндет болып табылады. Ел бойынша отбасылардың 16 пайызы бала сүю бақытынан айырылған, өкінішке қарай, бұл көрсеткіш төмендемей отыр. 5-10 жыл бұрын ерлердің белсіздігі отбасы құрылымында 30 пайызға да жетпейді делінетін. Ер-азаматтарды тексеруге келтірудің өзі бір қиын шаруа еді. Өйткені қоғам да, жігіттер де бала болмауының себепшісі әйел деп қарайтын. Біз ерлі-зайыптылардың екеуін де тексеруден өткізе бастағанымызда, араларында ұрпақ болмау-

ының 49 пайызға дейінгі себебі - еркектердің белсіздігінен екендігін анықтадық. Сондықтан бұл - үлкен мәселе. Акушер-гинеколог әйелді қарамас бұрын, жолдасын тексеруден өтуге жібереді. Соңғы мәліметтер репродуктивті денсаулық жағдайының төмендеп бара жатқандығын көрсетеді. Мәселен, қолдан ұрықтандыруға донор ретінде қарастырылған 100 еркектің 6-7-еуі ғана ұрығын донорларға қойы-

латын талаптарға жауап береді, - деп тұжырымдайды Экстракорпоралды ұрықтандыру орталығының директоры Вячеслав Локшин. Ер-азаматтар, шыны керек, урологтың есігін қағуға ұялады. Ал бірінші звеноның дәрігерлері саналатын - терапевтер ондай сұрақтарды қоюға қымсынады. Соның кесірінен еркектік мәселесі асқынған жігіттердің қатары жылдан-жылға көбейіп барады. Жағдайдың бұлай ушығуына адамдардың нәпсіқұмарлығына тыйымның болмауы, түрлі антибиотиктерді көп қабылдау, сыртқы экологиялық факторлар әсер ететіндігін айтады мамандар. - Бұл мәселеде бірінші қабылдайтын дәрігерлердің потенциалын пайдалану маңызды. Әсіресе, учаскелік дәрігерлердің.

Қазіргі кезде әлемнің жетекші дәрігер-

лері сексуалдық проблемаларды емдеуге оның негізін білетін кез келген дәрігер көмек бере алатынын айтады. Өйткені терапияның бірінші линиясы дәрі-дәрмекпен емдеуге бағытталған. Дәрігерлердің өз пациент-

теріне оның репродуктивті денсаулығы туралы сұрақтарды қоюға ұялатыны олардың заманауи емдеу технологияларынан қол үзуіне әкеп соғуда, - дейді Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты урология және андрология кафедрасының меңгерушісі Болат Шалекенов. Сондықтан аурудың алдын алу үшін дәрігерлер ұл өсіріп отырған ата-аналарға балаларын урологтарға өздері апарып, тексеруден өткізуге кеңес береді. Өйткені болары болып, бояуы сіңіп қойғаннан кейін қабылдаған емнің нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай болмайды.

Автор:
Үмітжан ЖАПАР