Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АУЫЛЫМ - ӘНІМ


19 ноября 2010, 13:46 | 2 495 просмотров


«Аулым-әнім» айдары беріле бастаған әндер көпшілік оқырмандар көңілінен шықты. Соның бірі – ақын-журналист Қалмағамбет Мұқаметқали. Бүгінде ол Алматы шахарында «Қала мен дала» газеті редакторының орынбасары. Семей өңірінің төл тумасы. Ауылдан шыққан талант. Айдарымызды соның «ҚОСАҒАШҚА ХАТ» өлеңімен бастауды жөн санадым.

ҚОСАҒАШҚА ХАТ

Тағы да терең күрсіндім,

Туған жер түсіп есіме.

Топырағыңды бір шым-шым,

Тұмар ғып таққам төсіме.

Кішкентай ғана сол ауыл,

Көзге алыс, жақын көңілге.

Келешекті іздеп жаңа бір,

Көтердім ерте мен ірге.

Аңқаулау басым аңдамай,

Аттадым ба әлде киеңнен...

Айналып соқпас жол қалай,

Алысқа тартты әй, елден?

(Қысқартылып алынды).

Автор:
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, ақын-журналист