Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында теңіз балықтарын өсіретін зауыт салынады


14 января 2021, 08:29 | 460 просмотров



Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

Алматы облысының Талғар ауданында 2021 жылы жабық сумен жабдықтау қондырғыларында теңіз балықтарын өсіретін қазақстандық-чехиялық зауыт салу жоспарлануда. Мұнда жылына 1500 тонна клари сом және баррамунди өсіру жоспарланып отыр. 

Жоба құны шамамен 20 млн еуро, ал шетелдік инвестициялар 18,85 млн еуро болады деп  жоспарланған.

Жобада қазақстандық - Zor Fish, чех тарапынан - FAVEA Europe s.r.o компаниялары серіктес болады. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

«Жобаны іске асыруға қаржыландыруды тарту мақсатында 2020 жылдың басында қазақстандық Zor Fish компаниясы FAVEA Europe s.r.o. компаниясымен бірлесіп, чехиялық экспорт банкімен (EGAP) келіссөздер жүргізді. Чехиялық банк Малайзия қорынан толық қаржыландыруды тарту үшін кепілдігін 5,5 млн еуро көлемінде бөлу мүмкіндігі қарастырылды (кепілдеме қордың талаптарына сәйкес, револьверлік қаржыландыру) », - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2020 жылдың екінші жартысында Чехияның Экспорттық банкі жобаны 30%-ға дейін бірлесіп қаржыландыру туралы келісімін растады (қазақстандық Экспорттық кепілдеме негізінде). Қазіргі уақытта жобаны шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырудың қалған көлемі туралы мәселе зерттелуде.


Автор:
inbusiness.kz