Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БІЗ ҮШІН ӘРБІР НАУҚАСТЫҢ ӨМІРІ ҚЫМБАТ БОЛУҒА ТИІС:


19 ноября 2010, 19:46 | 1 865 просмотров


«Ұлттық медициналық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Елжан Біртанов

gjhyj

Өткен айдың соңында Маңғыстау облысында «Ұлттық медицина холдингінің» күндері өткен болатын. Оның мақсаты аймақтағы медицина қызметінің сапасын арттыру, халықты жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамту және тұрғындар денсаулығын жақсарту мақсатында келген астаналық мамандар үш күн бойы облыстық балалар ауруханасында, Ақтау қалалық №1 және №2 емханаларда және облыстық ауруханада тұрғындарды дәрігерлік тексеруден өткізіп, медициналық кеңестер беруді.

Осы орайда «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Елжан Біртанов мырзаны сұхбатқа тартып, холдингтің бүгінгі әлеуеті, қызмет көрсету деңгейі және еліміздің денсаулық сақтау саласына қосып жатқан үлестері жайында сұрап-білдік.

- Астана қаласындағы медициналық кластер ТМД елдерінде бірінші болып құрылғандығымен ерекшеленеді. Бүгінде кластердегә медициналық орталықтардың барлығы «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ біріктірілді. Осы орайда сұрайын дегенім, аталмыш холдингті құру қандай қажеттіліктен туындады?

- Еліміздің денсаулық сақтау саласын жоғары өркениет талаптарына сай келетін сапалы қызмет көрсететiн деңгейге көтеру мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласындағы медициналық инновация-

лық кластер өмірге келді. Ал осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2008 жылы Үкіметтің арнайы қаулысымен «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ құрылды. Елбасының Орталық Азияда бұрын соңды қолға алынбаған мұндай кластердi құрудағы мақсаты - дүние жүзiндегі ең жаңа, ең озық технологияларды елiмiзге әкелiп, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын халықаралық стандарттарға сай жоғары деңгейге көтеру болды.

Қазір «Ұлттық медициналық холдинг» құрамына Астанада жаңадан салынған 6 медициналық мекеме кіреді. Олар: Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталық, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы, Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы және Республикалық балаларды оңалту орталығы. Ал, соңғысы Ұлттық кардиохирургиялық орталық жақында ашылатын болады.

Осы мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, ішін жаңа технологиялармен жабдықтау біздің алдымызға қойылған негізгі міндеттердің бірі. Халықты медициналық көмектермен қамтамасыз ете отырып, ең мықты, заманауи құрылғыларға қол жеткізудеміз. Аталмыш медициналық мекемелерде жыл сайын 25 мыңнан астам сырқат жандар емделеді. Олардың жартысына жуығы республикамыздың түпкір-түкпірінен келетін-

дер. Еліміздегі көптеген азаматтар дерті жанына батқасын соңғы тиынына дейін жинап, жоғары медициналық көмек алу үшін шетелге барып емделіп жатады. Өйткені сапалы медициналық көмек таба алмағандықтан, осылай істеуге мәжбүр болады. Холдингті құрудағы мақсат та, мүдде де осы жоғары, сапалы медициналық көмек пен түрлі ем, диагнос-

тиканың барлығын өз елімізде жолға қою.

- Маңғыстау өңіріне келудегі мақсаттарыңыз жайлы айтып берсеңіз. Жалпы ««Ұлттық медицина холдингінің» күндерін өткізудің тиімділігі қандай?

- Біз қазір холдинг тарихында алғаш рет «Ұлттық медицина холдингінің» күндерін өткізіп жатырмыз. Бұл бастама барлық сапалы жедел жәрдем мен оталарды, медициналық көмектерді тек Астанада ғана емес, республикамыздың өзге де өңірлеріне барып көрсетсек деген ізгі ниеттен туындады. Қазіргі таңда тек Астанада ғана емес, елiмiздiң барлық өңiрлерiндегi медицина мекемелерiнде осы заманғы озық техникалар бар. Іссапарымыз аясында сол медициналық жабдықтармен жұмыс iстейтiн жергiлiктi мамандарға көрген-білген тәжірибемізді көрсетудеміз, дәрігерлерге ғылыми-тәжірибелік, ұйымдастыру-әдістемелік кеңес берудеміз.

Біз еліміздің денсаулық сақтау саласын халықаралық стандарттарға сай сапалы ете білуіміз керек. Әрбір науқастың өмірі біз үшін қымбат болуға тиісті. Біз өзімізбен бірге 25 маман алып келдік. Жұмыс тобымыздың құрамында Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Т.Үкібасова, Республикалық балаларды сауықтыру орталығының президенті Шолпан Бөлекбаева, Республикалық диагностикалық орталығы Стратегиялық даму және жоспарлау департаментінің директоры А.Нәбиев, Республикалық Ұлттық жедел медициналық көмек беру орталығының Бас директоры Н. Қасымов бас-

таған білікті дәрігерлер, білгір мамандар бар. Нейрохирургия саласында үлкен ғылыми конференция өткіздік. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Швейцария, Голландия, Германия және Израильдің жетекші дәрігер-нейрохирургтары қатысты. Конференцияда цереброваскулярлы патологияның немесе мидың қан айналымының жiтi бұзушылықтарының арасына диагностика жасау және емдеу мәселелері талқыланды. Халықаралық ғылыми-тәжірибе байланысының артуы өзара тәжірибе алмасу барысында дәрігерлердің кәсіби білімін жетілдіруге ықпал етеді. Бұл - шетелдік мамандармен біріге отырып, нейрохирургиядағы ғылыми зерттеулердің жаңа басым бағыттарын анықтау, цереброваскулярлы патологиясы бар ауруларға көмек көрсетудің кешендік стратегиясын жасақтау үшін қайталанбас мүмкіндік болып отыр. Тағы да осы іссапар аясында 3 шеберлік сағаттарын өткізбекшіміз. Бұларға сәйкес түрлі тақырып-

қа арналған 23 лекция сабақтар болады. Сонымен қатар Қазақстанға жаңадан келген 8 жаңа инновациялық технологияны үйретіп кетеміз. Қажетті сапалы құрылғыларды ал-ғаннан кейін жергілікті тұрғындардың Астанаға бармай-ақ Маңғыстау дәрігерлерінің көмегімен осы жерден сырқаттарын емдетуге мүмкіндігі болады.

- Бұл іссапар холдинг басқарып отырған клиникалардың қызметін жақсарту мақсатында жасалып отырғаны белгілі. Холдингке қарайтын клиникалар жүйесін басқаруда қандай нәтижелер бар?

- Холдингке қарайтын клиникалар жүйесін басқара отырып, біз жоғары технологияларды енгізуге қол жеткізудің мақсат етіп отырмыз. Мысалы жылдың басында біз көрсететін медициналық көмектің құрамында жоғары технологиялық әдістер небәрі 14 пайыз болған, қазіргі күнде ол екі есе көбейді. Біздің бүкіл көрсетіп жатқан медициналық көмектеріміздің 28 пайызын жоғары технология деп санауға болады. Біз бұл деңгейде тоқтамаймыз, ары қарай осы технологияны көбейте береміз.

Екіншіден медициналық қызмет сапасының деңгейін жақсарту қажет. Осы жағынан да біраз жұмыстар істеп жатырмыз. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Астанадағы медицина қалашығындағы клиникаларға орнатылған жабдықтар мен технологиялардың көпшілігі Орталық Азияда жоқ. Біз клиникаларды жүйелі басқару арқылы қызмет көрсету деңгейін көтермекшіміз. Осы орайда медициналық туризмге назар аудара кеткім келеді. Егер біз оны дамыта алсақ, мұның еліміздің экономикасына тигізер көмегі орасан болмақ. Бүгінгі күнде клиника үлкен зауыттан да күрделі құрылымға айналды. Бір клиниканың өзі 500-ден астам функцияны атқарады. Мысалы әлемдік ірі клиникалар арасында нағыз бәсекелестік қалыптасқан. Олар экономикалық жағдайын көтеру үшін науқастарды өздеріне тартып, жоғары қызмет көрсету барысында үлкен бәсекелестікке түседі. Біздің елімізде де осындай бәсекелестік қалыптастыра білуіміз керек. Холдинг осы мақсатта кең көлемдегі шараларды ат-қарып жатыр.

- Қанша білікті дәрігерлер бар? Олардың білімін қалай жетілдірудесіздер?

- Жоғарыда айтып кеткенімдей, бүгінде «Ұлттық медициналық холдингтің» құрамында алты мекеме бар. Осы алты мекеменің ішінде 4 мыңнан аса медицина қызметкерлері мен басқа да мамандар жұмыс істейді. Оның 1 мыңға жуығы - дәрігерлер, 3 мыңнан астамы мейірбикелер. Экономист, заңгер, техникалық инженерлер де бар. Бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен медициналық мекеме болғандықтан, біздің холдинг тек дәрігерлерден ғана тұрмайды, онда білімді менеджерлер, экономика саласының мамандары да қызмет етеді.

Мамандарды даярлау ісіне келетін болсақ, биылдан бастап «Ұлттық медициналық холдинг» жаңадан құрылған Астанадағы Назарбаев университеті құрамына кірді. Бұл университетте оқыту халықаралық стандарт бойынша өткізіледі. Арнайы алғышарттары да бар. Осыған сәйкес клиникаларымыз да бар. Студенттерді оқыту саласында жұмыс істейміз. Бұдан басқа медициналық кадрлардың білімі мен іскерлігін арттыру үшін жыл сайын 40-тан аса шеберлік кластар өткізетін боламыз. Бұл үздіксіз кәсіби білімді жетілдіру деген арнайы бағдарлама негізінде жүзеге асуда. Жақында Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығында Франциядан келген тәжірибелі хирург, акушер-гинеколог жергілікті мамандардың біліктілігін жетілдіру мақсатында дәріс өткізді. Бұл шеберлік кластарға тек холдинг мамандары ғана емес, сонымен бірге еліміздің барлық өңірлерінен дәрігерлер шақырылып, тәжірибе алмасады. Биылғы жоспар бойынша біздің клиникаларда республиканың барлық аумағынан 800 маман келіп оқиды.

Сұхбатыңызға рахмет.

Автор:
Анаргүл ЖЕКСЕНБАЙ.