Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімдерде бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды дайындау сабақтары өтуде


8 января 2021, 07:11 | 750 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты әскери бөлімдерінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес, бөлімшелердің, есептоптардың және экипаждардың  дайындығы өтуде.

Бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды даярлау бойынша сабақтарды взвод командирлері басшылық етіп, дәрісті бөлімнің нұсқаушылары мен взвод сержанттары өткізуде.

Осындай бөлімшелерді дайындау жиыны әскери бөлімде жылына екі рет, бір айға жуық өткізіледі.

Осы аралықта әскери қызметшілердің бөлімше құрамындағы іс-әрекеттерін барынша жаттап-үйренуі бағытталған.

Оқу барысында әскери қызметшілердің бөлімшелер, есептоптар мен экипаждар құрамында әрекет етуге дайындығы мен ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы  шебер, әрі тиімді қолдануға, жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру басты назарға алынды.

Бөлімшелер, есептоптар мен экипаждар жиыны аяқталу кезеңінде бөлімшелердің дайындық деңгейі бағаланып, жауынгерлік оқ атыстары өткізіліп, үлгерімі бойынша қорытынды бағалары  шығарылатын болады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор