Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ОБА ІНДЕТІНЕҚАРСЫ КҮРЕСКЕНАЛҒАШҚЫҚАЗАҚ ҚЫЗЫ


12 ноября 2010, 18:27 | 2 295 просмотров



«Жер бетінде адамнан артық еш нәрсе жоқ екеніне кәміл сенемін. Мен әрқашан адамға тағзым етіп келдім, тағзым ете беремін де. Мен өзім адамнан қастерлі болатын ешқандай кереметті кітап дүниесінен білген емеспін. Адам деген бүкіл әлем ғой. Бір өзіне бүкіл әлемді сыйғызып тұрған адам мәңгі жасай берсін! Өмірдің небір қиын-қыспақ, небір ауыр минуттарында менің жүрегім: «Жасай бер!» - деген гимнді шырқаудан танған емес. Жер үстінде Адам атанудан артық міндет жоқ.»

Максим ГОРЬКИЙ

Сүйегі жоқ балық болмайтын сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды. Адам бол-ған соң өмірде қателіктер де болады, кемшіліктер де кездеседі. Өмірде қиналып, қысылып шарасыздық танытатын сәттер де болады. Өмірде қайғы да, қуаныш та адам баласына бірдей беріледі. Біреулер жоқшылыққа да, тоқшылыққа да төзе біледі. Басына түскен талай сындарға шыдап, армандар-

ға ұмтыла біледі. Адам тумасынан ерекше болып тумайды, ол өзін-өзі ісімен ерекше етеді. Адамның істеген ісі, еңбегі айна іспеттес. Оның шынайы көрінісі. Біздің кейіпкеріміз Күлжахан Әмірбекқызының өмірінде қиындығы мен қуанышы қатар жүрген, отыз бес жыл тынбай еңбек етіп елге сыйлы қайраткер де, перзенттеріне бойына парасаттылық пен адалдықты сіңіре білген асыл ана да, ұлты мақтан ететін батыл да, батыр мінезді қазақ қызы болу да қолынан келді. Қазір көпті көріп, жетпіс екі жасқа келген шағында өткен өмірін саралай отырып ойланбастан «мен бақыттымын» деп айтады. Әмірбекова Күлжахан Әмірбекқызы отыз бес жыл бойы қатерлі оба індетімен күресіп, халықты осы дерттен аман алып келген маман ғана емес, осы індетпен күресуге бел буған алғашқы қазақ қызы. Бүгінгі технология дамыған үшінші мың жылдықта «оба» тек өткен ғасырларда қалған індет болып көрінеді. Ал негізінде оба ауруының әлі де бар екенін және бізді сол аурудан сақтап келетін мамандардың қиын, әрі қауіпті еңбегі туралы біле бермейміз.

ӘҢГІМЕ БАСЫ

« -Менің ата, бабаларым Нарынқол жерінен екен. Сол жерде кезінде Кәрібай деген атамыз бай адам болыпты, репрессияға ұшыраған. 1932 жылы ол балалары , менің әкем үш бауырымен Қытай жеріне өтіп кетеді. Ал 1938 жылы Қытайда мен туылдым . Әкем туған жерді, туыстарды сағынып, атамекенге оралғысы келіп жүретін. Содан 1943 жылы соғыс болып жатқан кезде Отанға оралады. Бірақ оларды Қытайға өтіп кеткені үшін туған өлке Нарынқолда қалдырмай, Еңбекші қазақ жеріне көшіреді. Содан мен бес жасымнан бастап балалық шағым Еңбекші қазақ ауданында Ақши деген жерде, Қайрат колхозында өтеді. 1948 жылы мектепке бардым. Кайрат колхозындағы төрт сыныптық мектепті бітіріп, Ақшидегі интернатта оқыдым. Он үш жасымда шешемнен айырылып жетім қалдым. Сол кезде маған көршілеріміз қарайлап , өз туған балаларынан кем көрмей қамқор болды. Жәмеңке деген аға болды, сол кісінің қамқорлығында болдым. Ақшидегі мектеп интернатта жеті жыл оқыдым. Мектеп интернаттан кейін Караеңбектегі Киров атындағы орта мектепті 1958 жылы жақсы бітіріп , мединститутқа түстім. 1964 жылы санитарлық- гигиеналық факультетті бітірдім. Бітрігенен кейін студенттерді алдын-ала бөлу болады. 1964 жылдан бастап Алматы облысына қарасты Бал-қаш ауданындағы Обаға қарсы күрес бөлімшесінде қызмет ете бастадым. Содан сол жерде отыз бес жыл еңбек еттім.»

Күлжахан апай алғашқыда Балқаш ауданындағы осы мекемеде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеймін деп ойлмаған. Сонау құс қанаты талатын қияндағы ауылда қаламын деп көз алдына елестетіп те көрген емес. Кейін осы құмды мекенде, ешбір жағдайы жоқ обаға қарсы күрес бөлімшесі орналсқан ауылды гүлдендіруге үлес қосатынын жас қыз қайдан білсін. Алматы облысына қарасты Балқаш ауданының климаты оба індетінің тез таралуына қолайлы мекен саналады. Өткен ғасырдың 48-жылдары осы өңірде оба шығып, талай адамның өмірін жалмаған. «Ауруды ауыздықтай алмаймыз» деген қызыл үкімет сол тұста аймақты қоршауға алып, халқын өртеп жіберуге бекінген болатын. Бірақ, белгілі ғалым Николай Жуков-Вережников Сталиннің өзіне кіріп «мен емдейін, емдей алмасам сол халықпен бірге өртеніп кете берейін» деп, бірнеше дәрігерлерді бас-

тап бұған қарсы тұрып, емдеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде, елдің біразын аман алып қалды. Сол апаттан кейін бір-екі жылдан соң, 1950 жылы аудан орталығы Бақанастан обаға қарсы күрес бөлімі құрылған.

.....Мен енді сөздің шыны керек, соншалықты түк жоқ жерге барып жұмысқа қаламын деп ойлаған емеспін. Оқу бітіріп, бір жыл жұмыс істегеннен кейін дипломды бір-ақ беретін еді. Дипломымды қолға аласалысымен кетпекші болдым. Мен 1964 жылы келдім жұмысқа,1965 жылы 1 тамызда дипломды алуым керек еді. Чумолог маман болу үшін мені оқу бітіргеннен кейін алты айға тағы специализациядан өтуге жібереді. 1965 жылы келсем, сәуір айында Бақанастағы обаға қарсы күрес бөлімінде зоотопқа алып кетуге мені күтіп отыр екен. Тәжірибе жүзінде басынан бастап жұмыс істеу керек болды. Сонан барып екі ай жұмыс істеп маусым айында келдім. Мені сол Бақанастағы мекеменің бастығы етіп сайлап қойыпты. 1965 жылы 1 тамызға жетпей 12 маусым күні мен бастық болдым. Ол кезде Мәскеу бекітеді. Ол мекемеде алпыс адам болды. Егер мекеме бастығы басқа біреу болса, 1 тамызда дипломымды алып кете беретін едім. Бірақ кеш болды, мен 12 маусымда бастық жасады. Қарамағымда алпыс адам, сол алпыс адамды тастап кете алмайсың. Бастық өзіммін , арыз жазып жұмыстан кетейін десең, кете алмайсың. Сөйтіп, қалдым. Сол жерде тұрмыс құрып, балалы болдым. Содан кейін, 1964 жылдан 1968 жылға дейін төрт жыл бастық болдым. Сол кезде бастықтар жол сапарға көп барады. Орынында отырмайтын. 1966 жылы бірінші балам туылды, одан кейін 1970 жылы қызым дүниеге келді. Кішкентай балаларды тастап кете алмайсың ғой, сол себептен өзім сұранып бастықтың орнынан босатылып, лаборатория меңгерушісі қызметін атқардым. Негізгі жұмыс лабораторияда болды. Балаларым өскенше он алты жыл лаборатория меңгерушісі болып істедім. Балаларым өсті, содан 1985 жылы қайтадан бөлімше меңгерушісі болып, 1998 жылға дейін зейнетке шыққанша басқардым - деп еңбек жолы жайлы әңгімелейді кейіпкеріміз. Былай қарап отырсаң еңбек жолы еш қиын болмаған сияқты. Бірақ шынында Күлжахан Әмірбекқызының еңбек жолында үш қиын кезең болды. Сол қиын-қыстау кезеңдерді мойымай басынан өткізеді.

БІРІНШІ ҚИЫН КЕЗЕҢ

ЖОҚШЫЛЫҚ КЕЗЕҢІ

-1950 жылы Бақанастағы обаға қарсы күрес бөлімі құрылған. Құрылған бөлімше де, лаборатория да ескі бір үйлерде болды. Ол кезде жол да жоқ, құрылыс материалдарын апару да қиын, сондай бір қиын жағдайларда ашылған. Мен өзім 1964 жылы келгенде де барлығы ескі, лаборатория да қирап тұрған. Лаборатоияның бір бұрышында жұмыс істеп отырсақ, екінші бұрышынан төбеден су тамшылап тұратын. Лабораторияда обаның микробын тексеретін, анықтап қарайды. Лабораторияда алты сағаттан артық жұмыс істеуге болмайтын. Лизол деген өте улы дәрімен жұмыс істедік. Ол жерде электр жарығы жоқ, су да, газ да жоқ. Барлығын қолмен істейтінбіз. Сегізде жұмыс басталса санитаркалар сағат таңғы жетіден бастап келіп лабораторияға от жағатын. Обаның микробын ұстап тұру үшін отыз жеті градус температура керек. Сол температураны ұстап тұру үшін керосинмен жанатын термостатты қолдандық. Тексеретін материалда обаның микробы бар-жоқтығын анықтау үшін екі керосин шамын қоладанатын. Төрт термостаттың астында екіден сегіз шам жанып тұрады, мен сол бір кішкентай бөлмеде отырамын. Керосиннің иісі қатты шығып тұрады, сонымен қатар лизолдың иісі тағы бар. Алты сағат жұмыс істеп отырғанда жаңағы ыстың иісі мен лизолдың иісінен басың айналып кететін. Сөйтіп жұмысқа бара береміз, жаңағы жұмыс күнде қайталана береді, қайталана береді. Ол кезде қол астымда екі дәрігерім болды. Чумолог болу үшін институттан кейін алты ай оқу керек. Жаңағы екі дәрігерім специализацияға кетті. Мен лабораторияда жал-

ғыз қалдым. Әкімшілік жұмыстарды да өзім атқардым. Қазір ойласам, біз қандай шыдамды болдық?! Сонда «мен қиналып жүрмін, мүмкін емес жұмыс істеу » деп ешкімге уәж айтпаймыз. Айтпаймыз, біз үшін солай болу керек еді. Кейін специалистер келді. Енді мамандарға үй керек болды. Содан сол жерге үй салуға кірістік. Анау екеуі, менімен үшеу-

міз. Отбасылы, балалары бар екі қыз келді. Соларға үй салып. Сол бірте- бірте специалисттерді үймен қамтамасыз еттік. Өзіміз ішінде тұрдық. Кейін сол бірте- бірте кішкентай қалашыққа айналды. Сонда ауданның орталығы болғанның өзінде Бақанаста еш-қандай ағаш өспейді. Бір тақыр , шатыры жоқ үйлер. Санитаркалар болатын, мүлдем сөйлемейтін. Мен бастапқы кезде оларды мақау деп ойлайтынмын. Сөйтсем олар барлығы да сөйлейтін, сау адамдар . Олардың уақыты жоқ . Олар еденді де жуады,кірді де қолмен жуады. шоқпен қызатын үтік қолданады, лабораторияның ыдыстарын да жуу, қыздыру барлығы отпен істелінеді. Термостаттардағы керосиндер тез жанып кетіп жатты, оны қайта- қайта ауыстырып тұру керек. Бөлменің іші ыс болып кетеді. Бір жұмысты істесе, екіншісі алдынан шығады, барлығы да қолымен істеледі. Сонда жаңағы санитаркалардың сөйлеуге де уақыты жоқ. Бастапқы уақытта жұмыс көп болды, қиын болды. Кейін жаңа мамандар келіп жұмыс та біраз жеңілдеп қалды. 1964 -1968 жылға дейін өте қиын жағдай болды. Содан кейін Бақанаста электр жарығын берді, 70-ші жылдары су құбырларын жасады, газ да берілді. Сөйтіп бірте-бірте барлық жағдай жасалды. Біздің жұмыста жеңілдей түсті. Электр жарығы берілгеннен кейін керосинмен жанатын термостатты ұмыттық, заманауи термостаттарға ауыстырдық. Кір жуатын машиналар алдық. Сонда жаңағы санитаркаларға қарап жүрегім ауыратын, тынбай жұмыс істейтіне жаным ашитын. Ең алдымен солар үшін жұмыс жеңілдеді. Сөйтіп жағдайымыз бірте-бірте жақсарды.

ЕКІНШІ ҚИЫН КЕЗЕҢ БІР АЙҒА СОЗЫЛҒАН КАРАНТИН.

Кейіпкеріміздің айтуынша ол үшін бастан кешірген ең бір қиын жағдай 1989 жылы болды. Сол жылы жаз мезгілінде Балқаш ауданындағы Обаға қарсы күрес бөлімі індетпен бетпе-бет күреседі. 1947 жылы Бақанаста обадан халық қырылғаннан кейін 1989 жылы осы індетке бірінші және соңғы рет бір адам шалдығады.

....... Біз жұмыс істейтінбіз, тексереміз, айналаға дәрі себетінбіз, обаның шығуына, адамның ауруына мүмкіндік бермей келгенбіз. Ал сол жылы ауырған адам алқаптарда зоотоптың құрамындағы жұмысшы болды. Ол кезде алқаптарда 120 адам жұмыс істейтін. Сонда бізге жұмыс күші жетпейтін. Көмек ретінде бізге жұмысы жоқ, құр бос қаңғырып жүргендерді алып келетін. Сондай адамның біреуі Текелінің адамы болды. Аты есімде жоқ, бірақ фамилиясы Сорокин еді. Сол адам өкпе обасына шалдықты. 31- мамыр күні бөлімшемізге обаға шалыдықты деген қауіппен алып келдік, содан түнгі үште оба екеніне көзіміз жетті. Өкпе обасында науқас бір жөтелсе қоршағандардың барлығына жұқтыртады. Бөлімше ашыл-

ғанан уақытынан бері дертке ешкім шалдықпай, тыныш келе жатқан бөлімшемізге сол кезде қара бұлт төнді. Обаға шалдыққан науқастың бар екенін облыста, денсаулық сақтау министрлігінде, Мәскеуде де барлығы білді. Оны біз жария етуге міндетті болдық. Төтенше жағдайға тап болдық. 1- маусым карантин жариялап, науқасты изоляторда ұстадық. Изолятордың сыртында әскерилер ешкімді жақындатпай күзетіп тұрды. Талдықорғандағы бастықтарымыз да келді жағдайды көреміз деп, олар обаға қарсы костюмді кимей кіріп қалды да, содан барлығы изоляторға түсіп қалды. Науқасқа жақындаған адамдардың барлығын изоляторда ұстадық, содан обаны емдейтін стрептомицин деген дәріні өте көп мөлшерде салып отырдық. Сау адамдарды ауыртып алмас үшін стрептомицитинді күніне екі рет салып отырдық. Жиырма үш адам изоляцияда жатты. Аудан бастығы, ауданның бас дәрігері, мен обаға қарсы бөлімнің бастығы барлығымыз күнде жиналыс өткіземіз. Нау-қастың жағдайын, жасалған шараның барлығын айтып отырдық. Балқаш ауданындағы елді мекендердің барлығын тексеру жүргізілді. Бүкіл ауданның халқына вакцина егу шаралары жасалды, қоршаған ортаға да әбден дәрі шаштық. Сондай жұмыстарды күндіз -түні тынбай істедік. Оның үстіне Талдықорғандағы бастықтарым изоляторда қалды. Жұмыстың бәрі менің мойнымда. Күнделікті не істеу керек екенін комиссиямен жиналып шешеміз, не жетпейтінін қарап, тексеріп. Алматыға керек-жарақ алу үшін бір күнде үш рет көлік жіберуге тура келді. Алматыда кез-келген дәріхана біз үшн түнде болсын ашық тұрды. Төтенше жағдай болғаннан соң, Мәскеуде, Алматыда бізге жағдай жасады. Эпедемияны жіберіп алмау үшін бәрі жасалды. Сол уақытқа дейін өкпе обасына шалдыққандар кеңес өкіметі кезінде тірі қалмаған. Біз бірінші болып жаңағы елу үш жастағы Сорокин деген науқасты өзге ешкімге жұқтырмай аман алып қалдық. Бір ай емдедік. Эпедемияға жол бермей, науқастың өмірін сақтап қалдық. Соңында бәрі жақсы аяқталды. Мәскеуден адамдар келіп, бізді әбден мақтады. Сол науқасты аман алып қалғанымыз менің ғана еңбегім деп айтудан аулақпын. Мен тек сол инфекцияны шығармау үшін ұйымдастыру жұмыстарымен айналыстым, ал нағыз еңбек енді емдеген дәрігерлерде болды. Емдеген Дмитровский деген инфекционист ,

Автор:
Мәдина ОМАРҚҰЛОВА,Балқаш ауданы