Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ТҮСІНДІРДІ


5 января 2021, 09:35 | 251 просмотр



«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сұлтан Нұрдаулетов «ZOOM» бағдарламасы арқылы Талғар ауданының ардагерлерміз кездесу өткізді. Кездесуде Сұлтан Нұрғайыпұлы партияның  Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларды баяндады.

Сайлауалды бағдарламада аудан дамуының негізгі 7 басым бағыттары айқындалған. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер басшылыққа алынып, алдағы бес жылдық жоспар жобаланған. Лайықты жалақысы бар жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтқан үміткер:

-2022 жылы 2 зауыт салынады. Олар: металл конструкцияларынан бұйымдар өндіру және шатыр және сайдинг панельдері дайындайтын зауыт. 2023 жылы болса көбіктенген пенополистиролдан бұйымдар өндіру, мұздануға қарсы сұйықтық өндіру, құю бұйымдарға арналған 3 зауыттың құрылысысы басталады. Ал 2024 жылы бетон және темір бетон бұйымдарын өндіру бойынша 2 зауыт салынады. 2025 жылы өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру зауытын салу жоспарланған, – деді.

Сұлтан Нұрдаулетов ауданда тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдау қолға алынғанын, бес жыл ішінде өңірде 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын тілге тиек етті. Сол арқылы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға қол жеткізілетінін айтты.

 Онлайн форматта өткен кездесуде үміткер қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сондай-ақ, ардагерлерді сайлауға белсенді қатысуға шақырып, өз таңдауларын жасауға үндеді.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді