Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ЭПИДЕМИЯЛЫҚ АХАУЛ ҚАЛЫПТЫ


12 ноября 2010, 18:19 | 3 175 просмотров



Қарашаның 8-де ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағаның орынбасары А.С.Есмағамбетованың қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз брифингі өтті. Онда Қазақстан Республикасында 2010 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал турасында сөз қозғалды.

Халықтың дифтериямен, қызылшамен, тырысқақпен, обамен, туляремиямен, трихинеллезбен, паратифпен, сіреспемен сырқаттанушылық жағдайлары тіркелген жоқ.

Полиомиелит

2010 жылғы 1 -10 қараша аралығында Қазақстан Республикасында республиканың көшіп-қону деңгейі жоғары және басқа елдерден жабайы полиовирустың әкеліну қаупі жоғары 6 өңірінде туғаннан бастап 15 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша иммундау жүргізілуде.

Туғаннан бастап 15 жасқа дейінгі балаларды қосымша иммундауды Оңтүстік Қазақстан облысында балада полиомиелиттің әкеліну жағдайының тіркелуіне жауап ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды.

Вакцинация жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сертификаттаған көп валентті ауызға құйылатын полиомиелит вакцинасы пайдаланылады. Вакцинаны БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) гуманитарлық көмек ретінде ұсынды.

Вакцинациялауды республиканың 3952 егу пункті жүргізеді.

Қосымша иммундауға 3359 егу бригадасы, оның ішінде 471 көшпелі егу бригадасы қатыстырылды.

Иммундауды 9533 медицина қызметкері, оның ішінде 3455 вакцинатор жүргізеді.

Алдын ала қорытынды бойынша полиомиелитке қарсы иммундау кампаниясы барысында 1 – 8 қараша аралығында 1767 689 бала егілді, ол вакцинациялауға жататын туғаннан бастап 15 жасқа дейінгі балалар санының 88,3%-ын құрады.

Туғаннан бастап 15 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы қосымша иммундау жүргізу барысында вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

«А» вирустық гепатиті

«А» вирустық гепатиті әрбір 3–4 жыл сайын сырқаттанушылықтың циклдық көтерілуі арқылы қазан-наурыз айылары аралығында сырқаттанушылықтың жыл сайынғы маусымдық көтерілуімен сипатталады.

«А» вирустық гепатиті су, тамақ, тұрмыстық– байланыс жолдарымен беріледі. «А» вирустық гепатиті кезінде инкубациялық кезең 7 күннен 50 күнге дейін, орташа кезең 35 күнді құрайды.

Республикада соңғы 10 жыл ішінде «А» вирустық гепатитімен сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеуі байқалады, мысалы, 2000 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде вирустық гепатитпен сырқаттанушылық 23265 жағдайдан 5018 жағдайға дейін, яғни 4,6 есеге азайған.

2010 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасында «А» вирустық гепатитінің 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңіндегі 2906 жағдайына қарағанда 2563 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылықтың 343 жағдайға (13,2%-ға), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 17%-ға төмендегені байқалды.

Екібастұз қаласында 2010 жылғы 8 қарашада «А» вирустық гепатитінің 28 жағдайы тіркелген.

Қанағаттанарлық жағдаймен 19 науқас ауруханадан шығарылды. Қалған 9 науқас тиісті емін алуда.

Барлық байланыста болғандарға медициналық бақылау белгіленді.

Екібастұз қаласының барлық 26 мектебі жоспардан тыс тексерілді.

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша Екібастұз қаласының 3974 оқушысына «А» вирустық гепатитіне қарсы вакцинация жүргізілді.

Қала тұрғындары арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Автор:
«ЖД» ақпарат.