Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Агроөнеркәсіп экономиканың локомотивіне айналады


28 декабря 2020, 06:15 | 507 просмотров



«Nur Otan» партиясы Жетісу өңіріндегі агроөнеркәсіптік кешенді алдағы бес жылда ілгерілету арқылы 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейді. Сол арқылы еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайтуды көздейді. Мұнан өзге ауылдағы ағайынның қолайлы ортада өмір сүруі үшін «Құтты мекен», Ауыл – ел бесігі» жобаларының жүйелі жүзеге асуын да партия жіті назарында ұстайды.
Себебі «Nur Otan» партиясының алға қойған мақсаты – әрбір қазақстандықтың қолайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасау. Міне, осындай тақырыптарды арқау еткен жиын Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында өтті. Шараға қатысқан Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Нұркешұлы, Айгүл Дарубаева мен Қуаныш Құдайбергеновтер ауыл тұрғындарына партияның атқарған етжеңді бастамаларын, сайлауалды бағдарламада көрсетілген алдағы бес жылда атқарылуы тиіс басым бағыттарды баяндады.
- Ауыл - қазақтың күретамыры. Ұлт руханиятының ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас қоры да ауылда сақталып келеді. Міне, партия ауыл әлеуетін арттыруды негізгі нысанына алып отыр. Себебі де түсінікті, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы экономиканың басты тірегі. Сондықтан өңірде мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа прогрессивті технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру жөніндегі жұмыс ілкімді жүзеге асырылады, - деді Қанат Нұркешұлы.
Ауылдағы кездесуде үміткерлер тұрғындарды мазалаған сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, олар ұсынған ұсыныстарды қаперге алатынын жеткізді. Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Нұркешұлы, Айгүл Дарубаева мен Қуаныш Құдайбергеновтер әрбір қазақстандық алдағы саяси науқанда белсенді болуға және ел болашағы үшін дұрыс таңдауға шақырды.
Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді