Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Желі қолданушыларын белсенділікке шақырды


28 декабря 2020, 06:09 | 473 просмотра



Бүгін Балқаш ауданы мәслихатына үміткер Сағи Бейсенбек онлайн режимде желі қолданушылармен жүздесті. Мұндағы мақсат - партияның өрелі жетістіктерін, атқарған шаруаларын таныстыру, сайлауалды бағдарламасында көтерілген басым бағыттарды түсіндіру.
- «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Оған анық көзім жетті. Елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтаралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңігенін аңғартты. Партия жастарға мол мүмкіндік беруде. Одан бөлек нәзікжандылардың да мінберге шығуына жағдай жасауда. Бастысы халық көңілінен шығып, артылған сенімді ақтауды көздейді. Міне, сондықтан халықтық партияға дауыс беруге шақырамын, - деді Сағи Бейсенбек.
Желі қолданушылар кандидаттарға түрлі бағытта сауал жолдады. Бірі – жол сапасын жақсарту жайынан мәселе қозғаса, енді бірі қоғамдық тәртіп жайына алаңдаушылығын білдірді. Кандидаттар мұндай мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында арқау болып тұрғанын айтты.
Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді