Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында 65 мәдениет үйі бой көтермек


28 декабря 2020, 06:02 | 522 просмотра



Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілі тұрады және 71 этно мәдени бірлестік бар. Одан бөлек 558 мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Осындай ауқымды саланың жұмысын саралау үшін және партияның мәдениет саласында атқарар шаруаларын таразылау мақсатында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сайдулла Сәрсеков мәдениет саласының қызметкерлерімен онлайн жүйеде жүздесті.
- Партия жоспарына сәйкес, өңірде жыл сайын 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Бұл ретте 6 млн. адамды қамту мақсат етілген. Одан бөлек алдағы бес жылда 405 тарихи-мәдени мұра нысандарын QR-кодты белгілеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Тарихи Жол» жобасы іске асырылмақ. Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жолға қойылмақ, - деді үміткер.
Партияның сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда Жетісу өңірінде 65 мәдениет үйінің құрылысы жүргізілмек. Одан бөлек 49 мәдениет үйі мен клубты күрделі жөндеуден өткізіледі.
Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді