28 декабря 2020, 04:24 | 495 просмотров
Сарыөзек гарнизоны 12740 әскери бөлімнің барлаушылар батальонның жеке құрамы Кеңес Одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай 10 шақырымға жүгірді.
Десанттық-шабуылдаушы әскерлердің туын ұстаған бөлімнің барлаушы шабуылдаушы батальонының жеке құрамдары жүгіру алаңында штаттық қарумен далалық киім нысанында сап түзеді.
Батальон командирі капитан Дәурен Есов әскери қызметшілерге шараның мақсатын түсіндіре келе, жеке құрамды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, он шақырымды жүгіруді орындады.
Шараның мақсаты – батыр Бауыржан Момышұлының ерліктерін ұстану және өнеге тұту, жеке құрамды, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау болды.
«Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы батыр Бауыржан Момышұлының жасаған ерліктері, халқына сіңірген еңбектері, қайсарлық пен жігерліктері ұрпақтарына мәңгі үлгі болып қала береді» - деді батальон командирі капитан Дәурен Есов.
Жыл өткен сайын барлаушылардың жауынгерлік әзірлік деңгейі жетіліп, тиімділігі де анағұрлым артып келеді.