Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Общество/Қоғам

Асхат Аймағамбетов: Жаңа оқулықтар бойынша сынақ түрінде жүзден астам мектепте оқыту басталды


25 декабря 2020, 08:50 | 475 просмотров



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметіндегі” баспасөз конференциясында “Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы” тақырыбында сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

 

Мектептің бағдарламасына көптен айтылып жүрген мәселе – өзіміздің Әліппе мен Ана тілі пәндерін қайта қайтару. Бұл мәселені де шештік. Мектеп бағдарламасы мен мемлекеттік стандартқа ресми түрде енді. Тиісті құжаттар биыл күзде бекітілді. Қайтадан жаңа оқулықтар дайындалды. Жаңа оқулықтар бойынша сынақ түрінде жүзден астам мектепте оқыту басталды. Жоба біткеннен соң келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндеріміз Әліппемен және Ана тілімен қауышатын болады. Сондықтан бұл жұмысты да орындадық деп айта аламыз. Оқулықтың сапасы бойынша жалпы тәртіпті өзгерттік. Сараптама жасауды, авторлардың оқулықты дайындауы бойынша мәселелерді қайта қарап шықтық. Баспалардың жауапкершілігін бекіттік, – деді еліміздің бас ұстазы.