Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Зенитшілердің атыс жаттығуы өтті


25 декабря 2020, 06:13 | 562 просмотра



Сарыөзек гарнизоны 12740 әскери бөлімінің оқу полигонында бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспары негізінде зенитшілердің атыс оқу жаттығуы өтті.

Әскери бөлімнің зенитшілер дивизионы – қазіргі заманғы қуатты қару-жарақ пен ұрыс техникасы бар әскери құрылымның бірі саналады.

Атыс жаттығуы басында зенитшілер дабыл бойынша көтеріліп, оқу полигонына штаттық техникаларымен марш жасады.

Марш жасау барысында әуедегі ұшулар кезінде зениттік дивизион жеке құрамының іс-қимылдары және шартты қарсыластың жаппай қырып-жою қаруын қолдануы пысықталды.

Барлық сабақтар бригада командирінің басшылығымен өтті.

Бұл зениттік дивизионның әскери жеке құрамдары ЗУ-23-2 қаруынан атыс жаттығуларын орындай отырып, оқу-жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу бойынша бірқатар міндеттерді орындады.

Бөлім басшылығы жеке құрамының атыс жаттығуының қорытындысын жасап, зенитшілердің жауынгерлік міндеттерін табысты орындауымен құттықтады және оларға әскери қызметте табыс тіледі.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор