Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Электр құралдарындағы өрт қауіпсіздігі


25 декабря 2020, 05:57 | 691 просмотр



Тұрғын үйлердің өртке қарсы жағдайын талдау олардың қауіпсіз қолданылуы негізінен электр жабдықтары, электр қондырғыларымен құралдарының техникалық жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жалпы әдісі, сонымен қатар электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігінің жеке әдісі жану көзінің пайда болу қауіпін, тез жаңғыш ортаның, өрттің таралу жолдарының пайда болуын жоюды немесе шектеуді көздейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарымен элетротехникалық және жылыту қондырғыларын құру мен пайдалану кезінде орындалатын ережелер белгіленген, оларды орындау өзіңді өрттің пайда болу қауіпінен барынша қауіпсіздендіру мүмкіндігін береді.

Электр құралдарын пайдаланған кезде:

- электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақымданған немесе қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;
            - тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған ендірмелерді қоюға болмайды, бұл барлық электр сымдарының қызып кетуіне, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады;
            -ашық электр сымдарын бояуға немесе үстінен түс қағаз жапсыруға;
            -ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға;
            -электр шамдарын жанғыш материалдармен жабуға;
            - жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуін, олардың қатты қызып кетуі мен өтпелі қарсылығын болдырмау үшін жоғары қуатты бірнеше электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды. Жиі түрде өрттің себептері - қосылып, қараусыз қалған электр жылытқыш құралдарының (электр плиталары, су қайнатқыштар, каминдер, үтіктер, грелкалар) жанында орналасқан жанғыш заттардың тұтануы болып табылады. Қосылған электр жылытқыш құралдары жылуды сақтайтын жанбайтын қойғыштарға орнатылуы қажет. Сымдардың оқшауларының кеуіп кетуі мен зақымдалуының алдын алу үшін оларды жылыйтын жерлердің (пештер, түтіндіктер, жылыту батареялары, т.б.) бетімен жүргізуге болмайды.

ЕСТЕРТУ

Үйден ұзақ уақытқа кеткен кезде электр жылытқыш және жарық бергіш құралдардың өшірілгендігін тексеріп, көз жеткізген жөн.

 

Автор:
Б.Т. Сүлейменов, Текелі қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры