Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімде шаңғыдан жарыс өтті


23 декабря 2020, 07:16 | 313 просмотров



Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты Сарыөзек гарнизонында орналасқан 29108 әскери бөлімінің жауынгерлік жоспарына сәйкес, бөлімнің әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері арасында шаңғы жарысы ұйымдастырылды.

Аталмыш жарыс әскери қызметшілердің арасында белсенді және саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Ауа-райының аяз екеніне қарамастан жарысты тамашалауға және жарысқа қатысушы спортшыларға қолдау көрсетуге әскери қызметшілердің балалары да келді. Жарысқа бөлім басқармасы, дивизион, батарея командирлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, сержанттар мен сарбаздар және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты. Жарыста өзара бақ сынаушылар бес топқа бөлінді.

Сайыс талаптарына сәйкес қатысушылар 3000 метр ара қашықтықты жүріп өтті.  Ұйымдастырушылар жанкүйерлерге ыстық шай таратып, жарыс алаңында көңілді әуен ойнап тұрды.

«Мен бірінші орынға ие болдым. Бүгінгі шаңғы тебуден өткен жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Өзім спортпен жиі айналысып тұрамын. Себебі, спорт адамға күш беріп, күні бойы сергек жүруге серпін береді», - деді жарыстың жеңімпазы сержант Азамат Маматаев.

Шара соңында бөлім командирі полковник Ерлан Әлихұлов жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтарын беріп, медальдарын табыс етті.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор