Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімде көп балалы отбасыларды Тәуелсіздік күні мейрамымен құттықтады


21 декабря 2020, 10:55 | 379 просмотров



Сарыөзек гарнизонындағы орналасқан 29108 әскери бөлімінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің қызметшілері көп балалы әскери қызметшілердің отбасын аралап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Бахытжан Саламатұлы Киргизалиевтың басшылығымен және бөлімнің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің әскери қызметшілері сержант Жанна Алихулова, сержант Сағадат Турсунова, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметшісі Мария Мырзабаеваның ұйымдастыруымен бөлімнің көпбалалы әскери қызметшілердің шаңырағына барып, оларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

Бұл игі іс, ең алдымен, бөлімнің 2-ші сынып сержанты Мухтар Меизбаевтың көп балалы отбасынан басталды.

Сондай-ақ әскери қызметшілер отбасылардың жағдайларын тыңдап, өздеріне керек мағлұматтарында алды.

Ал құттықтау тілектерімен сыйлыққа қарықболған көп балалы отбасылар әскери қызметшілерге өз ризашылығын білдірді.

Бөлім басшылығы жағдайы төмен және көп балалы отбасыларды өз қамқорлығына алып, көмек беруге атсалысып  келеді. Бұл дәстүрге айналған шара. Тек мереке күндері ғана емес, басқа уақыттарда да оларға көңіл бөлуде.

«Бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі әрқашанда әскери қызметшілердің  отбасындаморальдық-психологиялық жағдайларын қадағалайды. Мереке уақыттарында сырқат, ерекше күтім ететін және көп балалы отбасыларға көңіл аударылады» - деді бөлімнің әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің өкілі Жанна Алихулова.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор