Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мамандық бойынша дайындығы өтуде


20 декабря 2020, 08:39 | 473 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамдарымен мамандық  бойынша даярлау шеңберіндегі жоспарлы іс-шараларға кірісті.

           Шара бөлімде санитарлық-эпидемиологиялық шектеулердің барлығын сақтай отырып, әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлік жоспары мен бөлім командирлерінің бұйрығына сәйкес өткізілуде.

          Бұл іс-шараның басты мақсаты – әскери бөлімдерде оқыту пәндері бойынша жеке құрамының оқытылу деңгейін, әскери қызметшілердің өздерінің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау.

          Даярлықты сапалы өткізу мақсатында 96 мамандық топтары бойынша тәжірибелі офицерлер мен сержанттар құрамынан тағайындалған 192-ге жуық нұсқаушы маман және сабақ жетекшілері іріктелді.

         Сабақтар барысында олар автомобильді техника жүргізушілері, броньды танк техниканың механик жүргізушілері, көздеуші операторлар, артиллерияшылар, зенитшілер, байланыс, инженерлік, барлау бөлімшелерінің мамандары бойынша және әскери қызметшілердің алғашқы медициналық жәрдем көрсете білулері дайындығына айрықша назар аударуда.

Дайындық барысында әрбір маман жауынгерлік білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дәрежесін арттыруда.

Жеке құрамның мамандықтар бойынша дайындық сабақтары 2021 жылдың 5 қаңтарында аяқталып, алған білімдерінен сынақтар қабылданатын болады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор