Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дарынды сарбаз


20 декабря 2020, 05:15 | 456 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан 12740 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қатардағы жауынгер Мирас Серікжанұлы Шиапов бала күнінен Абай, Шәкәрім, Мағжанның өлеңдерін оқып, шығармашылықтарымен жақын танысып, өлең жолдарын бойына сіңіріп өз бетінше өлең шығару ақындық қасиеті бойына жақсы дарыған. Ол 20 шілде 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласының маңындағы Көк арна ауылында дүниеге келген.

Жас ақын, Абай, Шәкәрім, Мағжан оқуларының жүлдегері. Мерзімді әскери қызметке дейін облыстық іс-шаралардың жүргізушісі болған. Атап айтқанда Парасатты отбасы, Күзгі бал, Студенттік шақ, Білім кино әлемінде, Жер біздің ортақ үйіміз. Сарбаздың біршама жеке өлең жолдары бар.

 

«Әскер өмір мектебі»

 

Бір күн, бір түн, бір қалыппен барлығы,

Оқу, жұмыс, ұйқы, тамақ әр күні.

Жас жігітте қызықсыздау күн батып,

Кезекпенен атып жатты таң нұры.

 

Сөйтіп жүрген уақытта кенеттен-ақ,

Мекен-жайға келіп түсті әскерден хат.

Отан үшін тер төгіп елімізге,

Қызмет ету міндетті әр азамат

 

Артқа тастап қызықсыздау сол шақты,

О екі айда иеленемін мол бақыты.

Әр жігіттің көру керек өмірі,

Деген оймен ол әскерге жол тартты.

 

Рота подъем ащы дауыс әр күнің,

Рота отбойменен тынышталды жан бүгін.

Қатаң тәртіп қолданатын бұл әскер,

Түсіндірді бар нәрсенің қадірін.

 

Сарбаз болып қалыптасу ең кемі,

Офицермен сержанттардың еңбегі.

Бар нәрсені үйрететін ең үлкен

Әскер өмір мектебі.

 

Автор: Мирас Серікжанұлы Шиапов

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы