Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАҚ өкілдерімен кездесу


15 декабря 2020, 09:59 | 533 просмотра



Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында, Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кондидаттардың БАҚ өкілдерімен кезекті кездесуі өтті.

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер С.Жансеңгіров, Ж.Нұрлыбаева, Т.Ахажан  партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап,  арнайы үгіт материалдары таратылды.

Кездесу барысында жиналған қауым мен БАҚ өкілдері қаланың дамуына, өркендеуіне қатысты сұрақтар қойды.

«Нұр Отан» партиясы елді-мекендерді әлеуметтік жеңілдіктермен қаматамсыз етуге, жол-көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шарушылығын жаңғыртуға, сондай-ақ экологиялық таза ахуалды қолдауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын іске асыруға  үлкен үлес қосып келеді.

Автор:
ЖД Ақпарат.