Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тәуелсіздік күні қарсаңындағы Кеңес


15 декабря 2020, 09:51 | 323 просмотра



Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Талдықорған филиалының Атқару комитетінің кезекті кеңейтілген кеңесі 11-ші желтоқсан 2020 жылы өтті. Күн тәртібінің кестесі бойынша филиал төрағасы Асан Шалтабаев жыл басынан істелген іс-шараларға тоқталды. Оның ішінде:

  • кәсіподақ мүшелерінің пандемия кезіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендемеуіне назар аудару, сол бағытта 87 отбасына азық-түлік жиынтығы мен қаржылай көмек көрсетілді және де Нұр-Сұлтандағы Орталық Кеңеспен біріге отырып әкімдіктерге, Министрліктерге, Мәжіліске және өкіметке 50-ге жуық хат жазылды, нәтижесінде біздің ұсыныстар Министрліктердің бұйрықтарында, үкіметтің қаулыларынан көрініс тапты;
  • Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшылығымен келіссөз жүргізе отырып, үш жақты маңызды 2020-2022 жылдарға арналған келісімге қол қойылып, (Алматы, Талдықорған филиалдары және Ұлттық денсаулық сақтау бөлімшесі) Еңбек инспекциясында тіркеуге алынды;
  • сотқа дейінгі келіссөз жүргізу арқылы заңсыз жұмыстан босату әрекеттеріне тосқауыл қойылды;
  • балалар үйінің медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын 75%-ға көтерілуіне қол жеткізілді;
  • білімін жетілдіру жоспары бойынша Орталық Кеңеспен бірлесе отырып ұйымдастырған үш семинарда 17 кәсіподақ белсенділері білім қоржынын толықтырды;
  • медицина қызметкерлері күні қарсаңында 100-ден астам кәсіподақ белсенділері филиалдың мадақтама қағазынан бастап, Орталық Кеңестің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі, денсаулық сақтау Министрлігінің ағыс хат пен құрмет грамотасы, мерей жас иелері тегін жолдамалар сияқты әр-түрлі марапатқа ие болды;
  • Кәсіподақ мүшелерінің және де халықты кәсіподақ жұмысы туралы құлақтандыру аясында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында оннан астам қазақ және орыс тілінде мақалалар жарияланды, оған қоса Фейсбук парақшасында ақпарат беріліп отырды;
  • кәсіподақ мүшелері және балаларын сауықтыру мақсатында сауықтыру орталықтарына, санаторияларға 200-ге жуық жолдамалар алынып 170 тен астам адам денсулықтарын түзеп, сауығып қайтты;
  • жеке қабылдауға және арыз шағыммен келген кәсіподақ мүшелерінің мәселелері дер кезінде шешіліп, жауап беріліп отырды.

Филиал төрағасы Нұр-Сұлтандағы Орталық Кеңестің мүшесі ретінде бірнеше онлайн, жыл басында офлайн халықаралық, денсаулық сақтау Министрлігімен болған кездесулер мен Конференцияға қатысып, денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеретін бірталай ұсыныстар туралы баяндады. Оның ішіндегі маңыздысы: «Короновирус Covid-19 ға қарсы қарсы күреске қатысқан денсаулық саласындағы қызметкелердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қолдау көрсету. Келесі мәселелер мен үмітті жоспарлар» атты онлайн дөңгелек үстел конференциясына белсенді түрде қатысып, сөз сөйлеп, ұсыныстарын резолюцияға енгізуді сұрады. Конференцияға қатысушылар: денсаулық сақтау Министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ), Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің  салалық кәсіподағы, Еуропалық кәсіподақ Федерациясы, Мемелекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру фонды, денсаулық сақтау саласын дамыту Республикалық орталығы.

Медицина қызметкерлері заңсыз қудаланбау үшін келер жылдан бастап кәсіподақ мүшелеріне заңгерлік көмек кепілді түрде берілетін болады.

Есеп беру және тәжірибе алмасу мақсатында өзінің атқарған жұмысымен жедел жәрдем станциясының кәсіподақ төрайымы таныстырды. Кеңес барысында Талдықорған филиалының 2021жылдың 1-ші тоқсанның жоспары қабылданды. Жыл бойы жұмысы алға басып, жақсы нәтиже көрсеткен кәсіподақ төрайымдары бағалы сыйлықтарға ие болды. Талдықорған филиалының Атқару комитетінің Орталық Кеңеске қолдау хат арқылы өзінің іскерлігімен бағаланған, әлеуметтік серіктес ретінде қызметкерлердің жағдайын жақсарту мәселесіне үлес қосқан келесі басшылар: Талдықорған қаласы Облыстық аруханасының директоры – Рахметов Мұрат Көмекұлына «Денсаулық сақтау ардагері» марапаты, Облыстық перинаталдық орталықтың директоры – Жұмашев Қанат Қалиханұлына «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапаты және Ескелді аудандық орталық ауруханасының бұрынғы директоры – Ибраева Роза Мұхаметшіқызына «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» марапаттары Тәуелсіздік күні қарсаңында келіп, салтанатты түрде марапатталды.

Кеңес мүшелері Талдықорған филиалының атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға беріп, ризашылығын білдірді.

Автор:
Р.С. Есқалиева, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Талдықорған филиалының жетекші маманы.