14 декабря 2020, 08:24 | 388 просмотров
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы қоғамдық қабылдауды бастады. Бұдан бөлек 3 қалалық және 17 аудандық қабылдау бөлмелері азаматтарға қызмет көрсетуге кірісті.
Қоғамдық қабылдау тұрғындардың талап-тілектерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, әртүрлі мәселелерді шешуге жәрдемдеспек. 2020 жылдың 11 желтоқсаннан 2021 жылдың 8 қаңтар аралығында «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары қабылдайды. Қоғамдық қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Серік Мұқанов қоғамдық қабылдау арқылы штабтың жұмысы үш есе артатынын айтып:
- Облыстың түкпір-түкпірінен келген тұрғындар қай ауданнан, қай қаладан болмасын қабылдауға жүгіне алады. Алайда, елімізде коронавирустың таралуын алдын алуға бағытталған шектеу шаралары енгізілгендіктен, қабылдаудың көп бөлігі онлайн режимінде жүзеге асырылады, - деді.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.