Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ауыл шаруашылығы назардан тыс қалмайды


14 декабря 2020, 08:22 | 387 просмотров



«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткерлер А.Омарқұлов және Г.Ахметова ауылшарушылығының өкілдерімен ZOOM бағдарламасы арқылы кездесу өткізді. Кездесуде партияның алдағы қойған мақсатты жұмыстарымен айтылып, жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар ауылшаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелер бойынша пікір-алмасты.

Үміткерлер облыстық сайлауалды бағдарламада ауыл шаруашылығына қатысты қосымша суармалы 5,7 мың га жерді іске қосу және 67,0 мың га суармалы жерді қалпына келтіру, ылғал үнемдеу технологияларын қолдану алаңын 163,1 мың га дейін, тамшылатып суаруды 13,8 мың га дейін кеңейту, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың заманауи инфрақұрылымын дамыту, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыру элементтерін енгізу бағыттары қаралғанын атап өтіп, маңыздылығын түсіндірді. Шара соңында үміткерлер 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі