Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Партияның алға қойған мақсатын насихаттады


14 декабря 2020, 07:50 | 422 просмотра



Облысымызда «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлеріміздің кездесулері жалғасуда. Кезекті шараны үміткер Дамир Дигай облыс орталығындағы «JLC сүт» сүт өндіруші зауытында өткізіп, мекеме ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

Алдағы 5 жылда партияның сайлауалды бағдарламасында жаңа мектептермен балабақша салу, ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар, медициналық ұйым салу есебінен денсаулық сақтау жүйесінің сапасымен қолжетімділігін жақсарту бағытындағы облыстағы көзделген жұмыстарды сайлаушыларға атап өтіп, 10 қаңтарда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Қатысушылар тарапынан, түрлі ұсыныс-пікірлер түсіп, үміткер өз тарапынан назарға алды.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі