Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарбаздар ардагерлермен кездесті


10 декабря 2020, 06:31 | 628 просмотров



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты 29108 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерімен кездесуі өтті.

Іс-шараны жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілігін олардың бойына сіңіріп қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Шара аясында сарбаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, Сарыөзек ауылының құрметті азаматы, отставкадағы аға прапорщик Бейахмет Молдаханұлы Саудабаевпен кездесті.

Жарқын жүздесу барысында ардагер Бейахмет Молдаханұлы Қазақстан Республиксы Қарулы Күштерінде қызмет еткен уақытындағы қызықты оқиғаларына тоқталып, олар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

«Бойымызда Отан сүйгіштік, ерлік, батырлық, патриоттық сезімдерді арттыру үшін өткен ата-бабаларымыздан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алуымыз керек. Оларды қуана еске алып, мақтана айту керек» - деп сарбаздарға түсіндірді ардагер Бейахмет Саудабаев.

Сұхбат барысында мерзімді әскери қызметшілер ардагерге жан-жақты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ардагер де, әскери қызметшілерге риза болып, осылай ұмытпай бөлімнің жеке құрамдарымен кездесуін ұйымдастырғанына, назар аударып, ескерусіз қалмайтынына алғысын айтты. 

«Біз ардагерлерді мақтан тұтамыз, олардың ерен еңбегіне сүйсініп, ісін жалғастырып, санамыздан шығармаймыз» - деді қатардағы жауынгер Арман Қамбар.

Шара соңында қалыптасқан дәстүр бойынша жеке құрамдар ардагерге сый-құрмет көрсетіп, естелікке сыйлықтарын табыстады.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер ардагермен тығыз байланыста, қал-жағдайларын біліп, тұрмыстарына көмек көрсетеді.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор