Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ


4 декабря 2020, 05:37 | 603 просмотра



«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары- партия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде негізгі мәселелердің бірі Өңірлерді дамыту бағдарламасының Алматы облысында орындалу барысы жайлы басқарма басшысы-партия мүшесі Ж.Әмірханов есебін берді.

«Соңғы 5 жылда өңірдің экономикасы 1,6 есеге өсіп, 3 трлн. теңгеге жетті. Бюджетке түсім жарты триллион теңгеден асты, ал инвестиция көлемі – 511 млрд.тг болды. Өңір аграрлық аймақтан аграрлы-индустриялық аймаққа көшіп, өнеркәсіптің өңделуі 87% құрап отыр. Мұнда елеулі жұмысты 9 трансұлттық компания алып отыр. Олар төрт мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құрып, жалпы инвестициясы 165 млрд. тг құйып отыр – деп, Ж.Әмірханов атап өтті.

Отырыста кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің атқарған жұмысы туралы сұрақтар қаралды.

Жиын соңында кеңес мүшелері шешім қабылдап, тиісті басқарма басшыларына ұсыныстар жолданды.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы