2 декабря 2020, 04:24 | 840 просмотров
Құрметті Жетісулықтар!
Баршаңызды 1 желтоқсан –- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің ел ішінде алар орны ерекше.
Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн.
Елімізде татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.
Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, елімізге ынтымақ, бірлік тілеймін! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік бола берсін!
Құрметпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев
***
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан қанатын кең жайған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырған, өзінің даму жолын тапқан жаңа заманғы бәсекеге қабілетті ел болып таңылды.
Тұрақтылық және қоғамдық келісім, сыртқы саяси жауапты бағамы – елдің халықаралық беделінің өсуі үшін берік негіз болды. Біздің Президентіміз ең жаңа тарих жолын анықтайтын әлем көшбасшыларының шеңберіне кірді және бүгін оны әділетті түрде ұлт Көшбасшысы – Елбасы деп атайды. Күшті стратегия және мақсаттылықтың арқасында біз жолымызда тұрған әр кедергіні жетістікпен жеңіп аламыз.
Құрметті жерлестер! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Отбасылық құт-береке, мықты денсаулық және бақыт тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дами, нығая және өркендей берсін!
"Nur Otan" партиясының Саяси Кеңес мүшесі, аудандық орталық аурухана директоры Құсмолданова Сәуле Рыспекқызы
***
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа мол табыс, бақ-дәулет тілеймін!
Айжан Талғатқызы - Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі