Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Панфилов аудандық партия активімен кездесу


2 декабря 2020, 04:21 | 161 просмотр



«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаевтың аудандарға іс-сапары бүгін Панфилов аудандық партия филиалында жалғасты. Аудандағы партия филиалының Саяси Кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйым төрағалары, ардагерлер қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуде Жанболат Әкебайұлы 25 қараша өткен партия съезіндегі негізгі мақсат-міндеттердің іске асырылу мәселелерін атап өтіп, сонымен қатар, аудандағы партия филиалының атқарар жұмыстары пысықталды.

Панфилов аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Досамайлов кездесу барысында облыстық партия филиалы басшылығына атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен тоқталып, шара жалғасы қатысушылардың сұрақ-жауап алмасу, ой пікірін білдірумен ұласты. Барлық айтылған ұсыныс пікірлерді Жанболат Әкебайұлы назарға алып, филиал ұжымына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі