Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Белсенді партияластар марапатталды


2 декабря 2020, 04:20 | 121 просмотр



1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні. Ел ішінде маңызы бар күнтізбедегі күн. Осы орайда, Алматы облысының барлық аудан-қалаларында «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен салтанатты жиындар өтті.

Мереке аясында бүгін, Панфилов аудандық партия филиалында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев салтанатты жиын шарасына қатысты.

«Ел егемендігін алғаннан бері Елбасының басшылығымен ауқым¬ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Бүгінгі Қазақстан әлемнің төріне озған, барша адамзаттық мәселелерге төрелік айтқан, дүниенің ең азулы елдерінің басшыларын аузына қаратқан мерейлі мемлекет» деп Жанболат Жөргенбаев шара қатысушыларына Тұңғыш Президент, Елбасымыздың ел дамуы жолындағы негізгі жетістіктерін атап өтіп, өз ойымен бөлісті.

Жиын жалғасы аудандағы партия саясатын іске асырып жүрген белсенді нұротандықтарға алғыс хат беріліп, партия қатарына өткен бір азаматтарға партия билеттері табысталды.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі