Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тұңғыш Президент күнінде партия құрамы толықты


2 декабря 2020, 04:19 | 131 просмотр



Бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен партия қатарына бірнеше тұрғын қабылданды. Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» өткен айтулы шараға партия ардагерлері мен қадірменді қонақтар қатысты.

- Бүгін жай мереке емес, еліміздің еңсесін тіктеп, баянды болашаққа жол салып берген Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, сол сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті болып сайланды. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – біздің мемлекетіміздің тарихында мерейлі күн. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілді. Елбасына деген елінің құрметін айрықша айғақтайтын бұл мереке биыл сегізінші мәрте жыл аталып отыр, - деді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров.

Мұнан кейін партия ардагері Мейірман Тлеуберлинов сөз алып, партия мүшелігіне өтіп жатқан тұрғындарға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтады. Содан соң, М.Тлеуберлинов пен Ә.Шалабаева партия құрамына қабылданушыларға куәліктерін салтанатты табыстады. Мұнан соң А.Жазықбаев өңірдің үдемелі дамуына сүбелі үлес қосып жүрген партия мүшелеріне «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хатын табыстады.

- Мерейлі мереке қарсаңында «Nur Otan» партиясына мүшелікке өттім. Салтанатты түрде партиялық куәлігімді алдым. Жалпы, партия қашан да халықтың жайына болысып, елдік пен егемендіктің нығая түсуіне атсалысып жүр. Қай кезде де «Nur Otan» партиясы халықтық партия екенін дәлелдеп келеді. Жуырда орын алған оңтүстіктегі бауырларымыз, Мақтааралдағы ағайынға да партия барынша жәрдемдесті. Одан бөлек қазіргі пандемиялық жағдайда да қарап қалған жоқ. Осындай ел игілігі үшін жұмыс істейтін партияның қатарына қабылданғаныма қуаныштымын, - деді Талдықорған қалалық көп салалы ауруханасының медбикесі Бибігүл Майманова.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі