Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Елбасының көшбасшылық жолы


30 ноября 2020, 05:03 | 706 просмотров



Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Jas Otan» ЖҚ Алматы облысындағы өкілдері «Skype» желісінде кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – Елбасының Қазақстан үшін жасаған еңбегін ұрпақ санасында жаңғырту, Н.Назарбаевтың әлем мойындаған елге айналуына қосқан үлесін жастар арасында насихаттау. «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында өткен жиынға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева қатысып, бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.

- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қабылдаған Заңына сәйкес, 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсан мерекеленуде. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік емес. Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Ел егемендігін алғаннан бері Елбасының басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Бүгінгі Қазақстан әлемнің төріне озған, барша адамзаттық мәселелерге төрелік айтқан, дүниенің ең азулы елдерінің басшыларын аузына қаратқан мерейлі мемлекет. Міне, сондықтан да әлемнің маңдайалды саясаткерлері Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды» - деді.

Мұнан соң сөз алған Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылдық округі әкімінің бас маманы В.Чепель Елбасының арқасында Қазақстан достық пен татулықтың мекеніне айналғанын айтты. Бүгінде сол достығымен еліміз әлемге үлгі болып отырғанын жеткізді. Шарадан жастар шабыттанып қайтты.

 

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі