Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мерейлі мерекемен құттықтады


30 ноября 2020, 04:59 | 161 просмотр



Бүгін «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Е.Жұбанышбаев пен К.Нүсіпхан аудан халқы мен партия өкілдерін онлайн режимде Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

- Тәуелсіз қазақ елінің тағдыры – Елбасы тағдыры. Елбасы тағдыры – қазақ елінің тағдыры. Абылайхан дүниеден өтер сәтінде «Елімді бейбіт өмірге жеткізе алмадым, халқым жер игілігін көре алмады, қала, кент сала алмады, елдің басын біріктіре алмадым» деп орындалмаған арманын айтып кеткен. Ұлы Абылайдың осы армандарын тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың толығымен жүзеге асырғаны баршамызға аян. Бүгінде Қазақстан, қарышты дамуымен дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасқан мемлекет. Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктерге жетті. Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысты түгел иемденіп, атадан қалған аруақты туды асқақ ұстап, өз алдына ел болып, еңсе көтеріп кету үшін тынымсыз еңбек, қайтпас күрес, қажымас күш-жігер керек екеніне куә болдық. Бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Елбасы біріктіріп отыр, - деді Е.Жұбанышбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Елбасының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі