Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Нәтижелі жұмыс өріске бастайды


26 ноября 2020, 11:38 | 215 просмотров



«Заманың тазы болса, түлкі боп шал» деген осы уақытқа арналғандай. Жер шарын шарлаған пандемия салдарынан бар салада жұмыс сарыны басқаша қалыпқа көшкен. Жұмыстың дені онлайн негізде жүруде. Мұндай сарындағы жұмысқа көшкен саланың бірі – білім саласы. Бүгінде Алматы облысы елдегі пандемиялық ахуалға сәйкес қашықтықтан оқуды жүйелі жүргізіп келеді. Қажетті жабдықтармен қамтуда да нәтижелі жұмыс байқалады. Жалпы елімізде білім саласында жасалып жатқан оңтайлы істер жетерлік. Осындай келелі мәселелер «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының спикері Жамал Құлахметова өткізген жиында талқыланды.

- Жуырда ғана «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті. Сол жиында елдегі карантиндік жағдайға сәйкес аймақтағы қашықтықтан оқу жайы талқыланды. Қозғалған тақырыптардың бірі – мектеп оқушыларын қажетті компьютерлік жабдықтармен қамту. Мәселен, бүгінде оқушыларды компьютермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңге қарастырылған. Аталған қаржыға 55 017 компьютерлік техника сатып алынған. Мұнан бөлек демеушілердің қолдауымен 2110 компьютер алынған. Бүгінде компьютерлік техникамен 22 932 оқушы қамтылмаған. Осы оқушыларды тиісті құралмен ай соңына дейін қамтамасыз етілмек. 2020-2021 оқу жылында Алматы облысында 760 мектепте 429 мыңнан аса оқушы білім алуда. Оның ішінде 564 мектептің 351 мыңға тарта оқушысы қашықтықтан білім алуда. 16 мыңдай оқушы білім алатын 196 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Ал ата-аналардың өтініші негізінде 62 347 оқушы білім алуы үшін 5025 кезекші сынып ұйымдастырылған. Штаттық режимде жұмыс істейтін және кезекші сыныптар ұйымдастырылған мектептер санитарлық талаптарды толықтай сақтап білім беруде. Бұл мақсат үшін 226,9 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 5877 дезинфекциялық тоннель, 1003 тепловизор, 1741 дезинфекциялық кілемше, 1724 бактерицидті лампа, 6240 санитайзер сынды жабдықтар алынған. Мұнан бөлек аталған мектептерден тыс қосымша 371 тепловизор, 50 тоннель, 716 дезинфекциялық кілемше, 304 бактерицидті лампа, 498 санитайзер алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінде аталған құралдар толықтай сатып алынған, - деді Жамал Құлахметова.

Мұнан өзге жиынға қатысушылар білім саласындағы оң өзгерістер жайын талқылады. Мәселен, ұстаздардың біліктілігін арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қатардан кем қалдырмау, тағысын тағы мәселелер сөз болды.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі