Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қолдау – өрісті кеңейтеді


20 ноября 2020, 04:17 | 122 просмотра



Кәсіпкерлік экономиканың мятнигі. Ол өрістесе – экономика да дами түспек. Шағын және орта бизнеске елімізде қолдау жан-жақты берілуде. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде кәсіп иелері тіршілігін дөңгелете түсуде. Ал жаңадан кәсіп ашушыларға да қолдау жоқ емес. Мәселен, түрлі бағдарламалар негізінде кәсіп ашам деушілер қайтарымсыз несие алуға мүмкіндігі бар. Осы қолдаулардың нәтижесінде Дүниежүзілік банк 2016 жылы кәсіпкерліктің дамуы жағынан Қазақстанды «әлемдік реформатор» деп таныды. «DoingBusiness» ұйымының рейтингі бойынша бүгінде еліміз 51 орыннан 35 орынға ойысты. Одан бөлек Қазақстан инновацонды экономикасы бар елдердің үздік елулігінен орын алған. Демек елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай туындады деген сөз.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалы ақпарат алаңында «Өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары» тақырыбында онлайн желімен тікелей эфирде кездесу өтті. Жиында облыстық партия филиалының кәсіпкерлікті қолдау бойынша қоғамдық кеңес төрайымы Жанна Телпекбаева үстіміздегі жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарға тоқталып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шаруаларды баяндады.

- Елімізде кәсіпкерлікті қолдауда бірнеше ірі бағдарлама бар. Мәселен, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», тағысын тағылар. Одан бөлек «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның да кәсіпкерлердің оң жампасына тиетін тиісті бағдарламалары бар. Бүгінде Жетісу өңірінде 122 мыңнан аса кәсіпкерлік нысаны бар. Бұл ретте өңірде нәзікжандылардың да кәсіппен шұғылдануы белең алып келеді. Қазір облыс көлеміндегі кәсіпкерліктің 42 пайызын әйелдер жүргізуде. Нақты айтқанда, 51 229 аруымыз кәсібін дөңгелетіп отыр. Үстіміздегі жылдың 10 айында кәсіпкерлерге 3028 сервистік қызмет көрсетілген. Кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы кәсіп иелеріне 12 684 кеңес берілді, - деді облыстық партия филиалының кәсіпкерлікті қолдау бойынша қоғамдық кеңес төрайымы Жанна Телпекбаева.

Онлайн кездесуде желі қолданушылары баяндамашыға сұрақ қойып, көңілге қонымды жауап алды.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы