Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қыстан қысылмай шыққан абзал


19 ноября 2020, 05:50 | 86 просмотров



Қыс басталса, өзіндік мәселесімен келеді. Әсіресе қалалар үшін. Қыстың сәні қар дегенмен, қала үшін бұл өзекті мәселе. Жерге қылау түскеннен құзырлы мекемелер тазалық қамына кіріседі. Қала көшелерін қардан тазартып, асфальт бетіне тұз себеді. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Жүргінші жолының да сең қатып, тайғаққа айналмасын қамтамасыз ету керек. «Жаз шанаңды, қыс арбаңды» сайла деген халық даналығы бар.

Осы ретте «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы облыстың қысқы тазалық жұмысына дайындықты пысықтаған отырысы өтті. «Zoоm» платформасымен онлайн жүйеде өткен жиынға Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Танекенов қатысты.

Басқарма басшысының сөзінше, тиісті құрылымдар қысқа әбден дайын. Құрал-жабдықтар, техникалар сақадай сай. Оларға қажетті жанар-жағар май да, жолға себілер қоспалар да жеткілікті. Мамандар да қажеттілікті қамтамасыз етеді. Қаланы қар құрсауында қалдырмас үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Тек жүргізушілер мен жүргіншілердің түсіністігі керек. Қар жауған сәтте жүргізушілер көліктерін жол жиегіне қойып кетіп, арнайы қар тазалайтын тахникалардың жұмысына кедергісін де келтіреді. Әйтпесе, қысқа қам әбден жасалған.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі