Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Шаруасы шалқыған қожалық


18 ноября 2020, 04:44 | 870 просмотров



Ауылшаруашылығы экономиканың негізгі тірегі. Бұл сала мемлекет қолдауынан кенже қалып жатқан жоқ. Қазір шаруашылығын дөңгелетемін деген жан мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелете алады. Жуырда «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Көкебаев аудандағы шаруасы шалқыған шаруа қожалықтарын аралап, олардың тындырымды жұмысымен қожалық өкілі Назымбек Мырзалиев таныстырды.

Өңірдегі ірі шаруашылықтың бірі – «Ырыс». Бұл шаруашылықтың негізгі кәсібі – Зеңгі баба төлін өсіру. Бүгінде «Ырыс» шаруашылығында 1000 бас мүйізді қара бар. Оның 200 басы бордақыға орналастырылған. Шаруашылық жұмысын дөңгелету үшін 6 пайыздық мөлшермен 100 млн. теңге несие алған. Шаруашылық жем-шөпті өздері даярлайды, сол үшін де 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнан бөлек, мемлекеттен 3 млн. субсидия алып отыр. Бір қызығы шаруашылық бүгінде ет өнімін базар бағамынан төмен бағамен өз сауда нүктелерінде сатады. Жылына 130-150 тонна ет өндіретін қожалық дайын өнім өндіруді де қолға алмақ.

 - Мал шаруашылығы – қазақтың ата кәсібі. «Асық ойнаған - азар, доп ойнаған - тозар, бәрінен де мал бағып, кәсіп еткен озар» демей ме баба жұрт. Шаруа қожалығының өнімін аудан халқынан бөлек, өзге өңірлер де пайдаланады. Себебі, «Ырыстың» өнімі базар бағамынан әлде қайда төмен. Мұндай қожалықтарға қолдау білдіру арқылы – ауылшаруашылығының тамырына қан жүгіртеміз, - деді Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Көкебаев.

Шаруа қожалық мемлекет қолдауы негізінде өрісін әрі қарай кеңіте түспек. Өйткені, қолдау бар да – өркендеу бар.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы