Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Адамдардың улағыш газдан улануынан қаза болуы және жарақат алуының алдын алу


17 ноября 2020, 11:21 | 104 просмотра



Далада аяз, жылыту маусымы ең қызған кезінде. 2020 жылдың 15 тамыздан бастап жеке тұрғын үйлерінде жылыту маусымы басталды яғни тұрғын секторда адамдардың улағыш газдан улануы аса алаңдаушылықты тудырып отыр.

Төтенше жағдайлардың негізгі үлесі жеке тұрғын үй секторларындағы өрттер. Өрттердің көбісі негізі ретінде, жеке үйлердің иелерімен қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауы болып табылады. Көптеген жағдайларда, өрт оқиғалары ескірген және авариялық күйдегі үйлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғындарынан кездеседі. Негізгі себеп тұрғындардың жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр.

Температураның кенеттен төмендеуіне байланысты, Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарына, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге салады:

  • түтіндікте және пештегі жарықшалар, ақаулы пештің оттығы және пеш алдындағы қаңылтырдың болмуы сияқты айқын кемшіліктері бар жылыту пештерін пайдаланбаңыздар;
  • түтіндікті тазалап тұрыңыздар;
  • пешті қатты қыздырмаңыздар;
  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыздар;

пешті жағуды ұйқыға кетер алдында екі сағат бұрын тоқтату керек.

Автор:
Талдықорған қаласының ТЖБ