Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Конференция тәмамдалып, партия съезіне қатысатын делегаттар белгілі болды


17 ноября 2020, 04:35 | 95 просмотров



Бүгінгі өткен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясының күн тәртібінің бірі - «Nur Otan» партиясынан Алматы облысының мәслихатына депутаттыққа сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мәселесін қарастырды. 

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы облыстық партиялық тізімінде 30% әйелдер мен 20% жастардың сапалық құрамы сақталған. Тізімге облысымыздағы беделді, танымал тұлғалар енді. Ал жалпы, Алматы облыстық мәслихатында  45 депутаттық мандат бар.

Келесі мәселе «Nur Otan» партиясының  кезектен тыс XX Съезіне Алматы облысынан делегаттарды сайлауда облысымыздан 30 партияластарымыз бекітілді.

Алда келе жатқан, саяси науқанға орай, партияластарға облыстық  сайлауалды штабының басшылығы таныстырылып, партия филиалының төрағасы А.Баталов бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Штаб құрылып, 39 адаммен бекітілді.

Соңғы мәселе партиялықтар облыстық Саяси Кеңес құрамына өзгеріс енгізуін қарап, Қаулы жобасы бекітілді.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы