Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАРМАҚТАЙ ҒАНА БАУЫР


29 октября 2010, 20:10 | 1 623 просмотра


Ньюкасл университетінің ғалымдары басбармақтай ғана адамның бауырын өсіруге қол жеткізді. Бұл әлемдегі тұңғыш оқиға: басқа ғалымдар бұған дейін бауырдың тек жеке клеткасын ғана ала алған. Британдықтар кіндік қанынан алынған діңдік клеткалардан бауыр тканін өсірді. Мұндай клеткалар ағзаның кез келген тканіне айнала алады. Ең бастысы тәжірибе үшін адам эмбриондары фрагменттерінін алынбағандығы: кіндікті пайдалану этика жағынан барынша қолайлы.

Діңдік клеткалар НАСА жеткізген арнайы биореакторға орналастырылды. Бұл аппарат клеткалардың бөлінуін тездететін салмақсыздық жағдайын туғызады. Сонан кейін қосылған гормондар мен химиялық заттар арқасында діңдік клеткалар бауыр тканіне айналды.

Британдық ғалымдар Колин Макгакин мен Нико Форраздың бармақтай-бауырды көп ұзамай жаңа дәрілерді сынау үшін лабораториялық жануарлар орнына пайдалануға болатынына сенімдері зор. Ал бірнеше жыл өткен соң бұл жаңалықты науқас бауырының зақымданған жерін ауыстыру үшін пайдаланыла бастайды.

Автор:
«Жетісу» газеті, №131 (16822)