Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ


16 ноября 2020, 05:45 | 94 просмотра



Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Instagram» парақшасында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Мұқановтың қатысуымен тікелей эфир өтті. Өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары туралы қозғалған онлайн шарада оқырмандар толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Партияның облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің құрамында 11 адам бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер партияның аудан, қалалық филиалдары жанында жұмыс істейді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің 80 пайызы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары. 2020 жылдың қаңтар айынан облыс бойынша қоғамдық кеңестің 163 отырысы өткізіліп, 223 ұсыным жолданып, оның 187-сі орындалған.:

- Еліміздегі пандемиялық ахуал кезінде азық-түлік, дәрі-дәрмек бағаларының тұрақтылығына мониторинг жүргізілді. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп облыс көлемінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан құрылыс нысандарның сапалы жұмыс жүргізілуіне, сондай-ақ, мемлекеттік қордан бөлінген қаражаттың тиімді бағытта жұмсалуына мониторинг жүргізілді. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар облыстық партия филиалының бақылауында, - деді Серік Мейірханұлы.

Эфир барысында оқырман тарапынан «Қоғамдық кеңестің мақсаты қандай?», «Nur Otan» партиясының мүшелігіне кіру туралы ұсынысты сайт арқылы жіберуге бола ма?» сынды сұрақтар қойылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ұсыныстар айтылды. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Мұқанов сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, әлеуметтік желілердің септігі көп тиетінін ерекше атап өтті. Осындай тікелей эфирлер келешекте де тұрақты ұйымдастырылатынаны тілге тиек етті.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы