Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Келелі мәселелер сөз болды


16 ноября 2020, 05:41 | 90 просмотров



Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси Кеңес Бюросының кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға партия филиалының төрағасы Амандық Баталов қатысты. Саяси Кеңес Бюро отырысының күн тәртібінде Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясын шақыру және күн тәртібін қалыптастыру, Мәжілістің партиялық тізіміне қосылу үшін пікірсайысқа қатысатын үміткерлердің тізімін бекіту, партияның ХХ Съезіне Алматы облысынан қатысатын делегаттардың тізімін облыстық конференцияның қарауына енгізу мәселелері қаралды.
- Қазақстан Республикасының Мәжілісінің партиялық тізіміне ену үшін пікір сайысқа 27 үміткер қатысады. Оның ішінде 17 ауданнан және Қапшағай, Текелі қалаларынан 1 кандидаттан, облыс орталығы Талдықорған қаласынан 8 кандидат бар. Үміткерлердің 30 пайызы, яғни 8-і әйелдер, 26 пайызы, яғни 7-еуі жастардан құралған, - деді Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Ж.Жөргенбаев.
Шара барысында партия Төрағасы Н.Назарбаевтың қаулысына сәйкес үстіміздегі жылдың 25 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында бейне байланыс режимінде өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезіне қатысатын делегаттар тізімі жасақталып, облыстық конференцияның қарауына ұсынылды. Саяси Кеңес Бюро отырысында мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы