29 октября 2010, 20:09 | 2 852 просмотра
Алматы облысы, Панфилов ауданындағы жұрт сан ғасырдан бері киелі орын санайтын Әулиеағашты белгісіз біреулер өртеп кеткен. Табиғаттың ерен сыйы - киелі Әулиеағаштың отқа оранғанын естіген ел жағасын ұстап отыр.
Соңғы ақпаратқа қарағанда, Әулиеағаштың шырақшысы Рая Бидайбекқызы Әулиағаштағы өртті сөндіру кезінде оның әдейі өртелгенін білгендерін және соңынан Жаркенттегі орталық мешітте жұма намазынан шыққан бір топ жас Әулиағашты өртеу керек деген жоспар құрғандарын естігендерін, әзірге олардың кімдер екенін біле алмай дал болып отырғанын айтады.
Пікір: (Серік)-Мешіттен шығып ағаш өртегендері тым нақұрыстық әрекет екен, одан да мешіттен шығып ағаш ексе, әлдеқайда игі іс болар еді. Саналары ағып кеткен миғұла сорлылар ғой, әйтпесе айдалада өсіп тұрған бір ағаштан олар не зиян көріпті.
Ағашты әулие тұтуды дұрыс демеймін. Алайда, оны елдегі көне жәдігер ретінде тарихи ескерткіштер қатарына енгізіп қою керек еді. Сонда, оны өртегендерді сот алдында жауапқа тартуға болар еді. Енді бұл құбылыс өрши береді, сондықтан бұндай вандализмнен тарихи ескерткіштерді дереу қорғауға алу керек. Бұлар енді «ширк» деген даурықпамен, ел ішінде «әулиелі жерлер» деп саналатын көне тарихи орындарды, тарихи ескерткіштерді, кесенелерді, мазарларды, тарихи бұйымдарды қиратуға шығады. Тарихи, көне орындар мен мұраларды вандализмнен қорғау керек.