Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жетісу өңірінде аумақтық конференциялар жалғасуда


11 ноября 2020, 11:15 | 176 просмотров



«Nur Otan» партиясы Текелі қалалық филиалының кезектен тыс ХХ  конференциясы өтті. Жиынға 23 делегат қатысты. Конференцияда кандидаттар өзара пікірсайысқа түсіп, сайлауалды бағдарлама бойынша өз ой пікірлерін айтып, сұрақ жауап алмасу форматымен жалғасты.

Дауыс беру қорытындысына сәйкес, ең көп дауысты қалалық мәдениет үйінің директоры Константин Нестеров жинады. Сонымен қоса, басқосуда Текелі қалалық мәслихатына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Мұнда белгіленген мандат саны – 11 .  Бір орынға 2 адам есебінен қарастырылды. Праймериз  ережесіне орай, олардың 30 пайыздан астамы әйел қауымы, ал жастардың үлесі 20 пайызды құрады. Айта кетейік, дәл осындай жиын өңірде тағы 7 аймақта болды. Олар – Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Райымбекпен  Қаратал ауданы .

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы