Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Көксулықтар облыстық партия конференциясына делегаттарды сайлады


11 ноября 2020, 09:44 | 164 просмотра



Өңірде өтіп жатқан аумақтық конференциялардың бірі, кешегі күні Көксу жерінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ХХVI - шы кезектен тыс конференциясы ұйымдастырылыПп, партиялықтар маңызды мәселелерді қарастырды. Конференцияға партия аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Jas Otan» ЖҚ және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде төрт мәселе, олар "Nur Otan" партиясының Көксу ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы, "Nur Otan" партиясынан Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту, облыстық партия филиалының ХХVI - шы кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлау мәселелерін қарастырды.

Кездесуде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша өз баяндамасын жасады. Келесі кезекте «Қыдырәлі» шаруа қожағылығының басшысы Секенбай Шеңгелбаев пен «Нұрдымақын» шаруа қожалық басшысы Қизат Абиров ашық дебат алаңына қатысып, ауданның өзекті мәселелерін шешілу жолдары, жалғасы сұрақ-жауап алмасу форматымен тәмамдалды.

Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясынан Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітіліп, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының ХХVII - ші кезектен тыс конференциясына партия мүшелері делегат болып ұсынылды. Атап айтсақ, Алмас Қабдулұлы - аудан әкімі "Nur Otan" партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы, Мәлік Бейсенов - "Nur Otan" партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Самат Ихсанов - "Бақыт" БПҰ төрағасы, Қуат Күзбаев - "Бірлік" БПҰ төрағасы, Бақытжан Умиралинов - "Түлкілі" БПҰ төрағасы, Жандос Жұмағұлов - "Жерұйық" БПҰ төрағасы,  Бауыржан Егінбаев - "Достық" БПҰ төрағасы.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы