Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ АККРЕДИТТЕУ


29 октября 2010, 20:06 | 1 788 просмотров



Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның бірінші отырысының қорытындылары шығарылғаны туралы хабарлайды.Медициналық ұйымдардың медициналық қызметтер сапасын арттыру және қызметі айқындығын қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдады.

Аккредиттеу медициналық қызметтер сапасын бағалау, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде медициналық ұйым туралы алдын ала ақпарат алу және медициналық ұйымдарды соңғы нәтижеге бағыттау мақсатында жүргізіледі.

Аккредиттеуден өту үшін медициналық ұйым бірқатар өлшемдер бойынша белгілі стандарттарға сәйкес болуы керек, бұлар: үрдісті ұйымдастыру және басқару, медициналық ұйымдардың құрылымын (орынжайлар мен коммуникацияларды модернизациялау, аумақтарды көркейту) жақсарту, тиісті дәрілік қамтамасыз ету, кадрлық саясат, медициналық қызметтер сапасын басқару, пациент құқықтарын қамтамасыз ету, инфекциялық қауіпсіздік.Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті республика аумақтарында тамыз айынан бастап мынадай екі кезеңнен тұратын медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізуде: медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеудің ұлттық стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау және кешендік бағалаудың барлық нәтижелерін аккредиттеу бойынша комиссияның отырысында қарау.Бүгінгі таңда 2009 жылы 1 жылдық мерзімге аккредиттелген ұйымдардың ішінен аккредиттеу рәсімін жүргізуге 1317 ұйым өтініш берді, оның – 200 жекеменшік.

Сыртқы кешендік бағалау нәтижелері бойынша Аккредиттеу комиссиясының оты-рысына 580 ұйымның құжаты қарауға шығарылды, оның ішінде бірінші кезеңнен өтпегені – 6, 4 жылдық мерзімге аккредиттелгені – 262, 2 жылға – 277. Сараптамалық бағалаудың екінші кезеңінен 41 медициналық ұйым өтпеді.Стандарттарға сәйкес медициналық ұйымдардың ішінен 474 медициналық ұйым (81,7 %) – Бірыңғай төлеуші жүйесінің қатысушылары.2009 жылы 3 жылдық мерзімге – 8, 1 жылдық мерзімге – 1328 медициналық ұйым аккредиттелген болатын.

Автор:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі